AZATTYQ. ORG. «Сепаратистер сапында жалдамалы өзбектер бар» - Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер Өзбекстаннан адам жалдап жатыр деген ақпарат тарады. Азаттық сарбаз жинаушылармен сөйлесіп, олардың шетелден жауынгер тартуға құлықты екенін білді.
«БҰҰ комитеті Курамшиннің шағымын түзетуге қайтарды» - Түрмеде отырған құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің шағымы БҰҰ-ның адам құқығы комитетіне жеткенімен, тіркелмеді. Женевадан шағымды тіркеу талаптарына сәйкестендіру туралы өтініш түскен.
«Ресей одақтастары Украин тауарларын шектеуге құлықсыз» - Ресейдің украин тауарларына баж салығын салу ұсынысына Қазақстан мен Беларусьтің қарсы шыққаны хабарланды. Сарапшылар Мәскеу Киевпен арадағы жанжалға Астана мен Минскіні араластырмақ дейді.
ALASHAINASY.KZ «СПИД жұқтырған азаматтың арманы» - Сіздің назарыңызға емханаларда немесе қала көшелерінде ілінген «ВИЧ жұқпасы жыныстық қатынас арқылы, ауру адам қолданған инені пайдаланғанда және жүкті анадан баласына жұғады» деген мәтіні бар плакаттарды көріп па едіңіз?
AIKYN.KZ «”Қазпошта” басшылары жалақысын неге жасырады?» - Қазақстан парламент сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова ауылды жерлердегі пошташылардың жалақысы мен «Қазпошта» АҚ жетекшілерінің жалақыларын салыстырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Саясатта жүрген сәнқойлар» - Біздің азаматтарымыздың сыры мен сыны келіскен сән салтанаты ТМД мен Орта Азия елдерінің имиджмейкерлерінің назарына ілініп қалды. Олардың тізімі қазақстандық саястаттанушылар Марат Тәжин мен Ермұхамбет Ертісбаевтармен толықты.
«Жаз жайлы бола ма?» - Иә, бұл күндері жаздың жағдайын бүкіл әлем ойлауда. Өйткені бұрын да тынышсыздығымен алаңдатқан геосаясат жаз шыға тым ширығып кеткендей. Ал бүкіл әлемнің ырыс-несібені жазда «өсіріп-жинайтыны» баршаға белгілі.
ABAI.KZ. «”Төртінші билік”! Ол қандай құзірет?» - Су, қуат көздері адам өмірі үшін қаншалықты маңызды болса, ақпарат та соншалықты мәнділікке айналды. БАҚ пен журналистер қауымына қойылатын талап күшейген сайын, сала қызметінің тиімділігін арттыру мәселесі күн тәртібіне шығарылып отыр.
MAIDAN.KZ «Қазақ қайда барасың?..» - ...Қазірдің өзінде Қазақ елінде жарты миллион қытай қаптап жүр екен. Бұл – ресми ақпарат. Ал, қазақ жеріндегі ресми емес, шынайы саны қанша қара қытайдың?!. Бұл сауалға ешкім, ешқашан жауап бере алмайды, өйткені, Кәрім Мәсімов қазақ билігінде отырғанда жауап бергізбейді...