AZATTYQ.ORG. «Ирак сүнниттері неге өкпелі?» - Сүннит жасақтар Ирактың солтүстігін басып алу арқылы осы өңірде тұратын сүннит мұсылмандардың үкіметке наразылығын өз мақсатына пайдаланып, халық арасында қолдауға ие болғысы келеді.
«Жұмысқа жасы мен жынысына қарай қабылдау әлі бар» - Қазақстан прокуратурасы жұмысқа алудың талаптары ретінде адамның жасы мен жынысын көрсеткен төрт сайттағы хабарландыруды заңсыз деп таныды. Олардың айтуынша, мұндай дискриминация көп кездеседі.
«Абайдың Өскемендегі ескерткіші бір-ақ тәулік тұрды» - Өскеменде орнатылған Абай мен Михаэлиске арналған ескерткіш президенттің Шығыс Қазақстанға барған сапары қарсаңында шұғыл орнатылып, қоғамдық наразылықтан соң алынып тасталды.
TURKYSTAN.KZ. «Ұлы Абайды "карлик" қылған кім? немесе ескерткіштерде эстетикалық талғам неге жоқ?» - Өскеменде, шырайлы шығыстың орталығында Абай Құнанбаев пен Евгений Михаэлиске ескерткіш қойылды. Жоғарыдағы суреттегі ескерткішке көз жүгіртіп көріңізші! Қандай масқара! Ұлы Абайды осынша қорлайтындай, ұрпағына не жазды екен....
«Жалаңаяқ қалдырмаса жарады» - Үш ай бұрын әйелдердің ішкиіміне қол салған Кедендік одақ енді бізді жалаңаяқ қалдырмаса жарады. Техникалық регламентті сылтауратқан ресейіктер еліміздегі қытайлық өнімдерді ережелердің арқасында тықсырып, ішкі нарыққа ресейлік өнімдерді тықпалағысы келіп отырған сияқты.
ALASHAINASY.KZ. «Ресей ТМД елдерінің кез келген тұрғынына азаматтық бермек пе?» - РФ-ның Федерациялар Кеңесінің төрағайымы Валентина Матвиенко Моңғолияға барған сапарында «Ресейде дүниеге келген барлық сәбиге Ресей азаматтығын беру керек» деген идеяны қолдайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап. Спикер осы мәлімдемесі аясында бүкіл ТМД елдерінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіріп, азаматтық мәселесіне көлеңке түсірер жайларды да сөз еткен.
"Күйеуге шығудың жолы көп..." - «Азаматтық неке» деген сөзді естіген кезде біздің төбе шашымыз тік тұратыны рас. Әрине, аты құлаққа жағымсыз естілетіні де белгілі. Арамызда «азаматтық некеде» тұрып бағы ашылып, бақытты ғұмыр кешіп жүргендер де қаншама. Ал, осы некенің кесірінен сан соғып етегі жасқа толып еңіреп қалған қара көзді қыздарымыз да кездеседі. Осындай жағдайдың бірі менің жақын құрбымның басынан өтті.
AIKYN.KZ. «Мектепке «ЭКСПО» пәні енгізілуі мүмкін» - Қазақстанда алда мектептерде «ЭКСПО» туралы міндетті арнайы пән жүргізілуі мүмкін. Кеше таныстырылған жобада мәселен, «Болашақ энергетикасының мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбында сыныптағы жұмысқа арналған білім беру бағдарламасы ұсынылып отыр. Ол бойынша Ехро-2017 қарсаңында мектептерде жас ұрпақ «болашақ қуатының» не екендігін танып біледі. Бұл ретте егер жоба толыққанды жүзеге асса, білім ордаларына осыған қажетті «дайын оқу жинақтары» таратылмақ.