ALASHAINASY.KZ «Байқоңырға қатысты Ресеймен қашанға саудаласа береміз?» Адамзаттың жеті қат көкке көтерілген орны, жер-жаһанға әйгілі «Байқоңыр» секілді ғарыш айлағы өз жерімізде бола тұра, қазақстандық ғарышкерді ұшыру, жеке зымыран кешенін құру және тағы басқа мәселелер бойынша Ресеймен біраздан бері келіссөздер жүргізіп келетініміз белгілі.
«Мәдени нысандарды жекешелендіру кімге тиімді?» - Ағымдағы жылдың сәуір айында Алматы қаласында орналасқан, мемлекет қарамағындағы бірқатар мекемелердің жекешелендірілетіні туралы сөз болды.
«Ресейге қолдағы барды бере береміз бе?» - Маусым айы бұқараның есінде картоптың 250-280 теңгеге дейін қымбаттауымен, аракідік қайсыбір аймақтарда нан бағасының көтерулімен есін алғаны анық.
«Қазақстанда білікті кадрлар тапшы деген бос сөз бе?» - Қазір бүкіл дүниежүзі бойынша білікті кадр, соның ішінде техникалық мамандар аса тапшы. Индустриалдық-инновациялық даму жолына түскен Қазақстан да мұндай тапшылықты жоққа шығармайды.
«Шенеуніктер мерекесі не үшін қажет?» - 23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні. Бұл мереке ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің жарлығымен ел аумағында биылдан бастап атап өтілмек.
AIKYN.KZ «Келісімдердің кепілдігі қайта қаралуы керек пе?» - Бүгінгі күні дүниежүзілік саясатқа назар аударсақ, әлемде қалыптасқан халықаралық қауіпсіздік, халықаралық келісімдер, халықаралық заңнама өз күшін жойып жатқанын байқар едік. Неге?
«9 жылда тартылған инвестиция» - Жыл басынан бері «KAZNEXINVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі Қазақстанға ірі-рі 7 инвесторды тартуға септескен.
AZATTYQ. ORG. «Ресейдің тыйымы Қырым науқастарын күйзелтті» - Қырым белсенділері Ресей түбекті өзіне қосып алған соң есірткіге тәуелділер ем қабылдай алмай жатыр дейді. Ресей метадонға тыйым салғасын ондаған адам қаза тауып, я басқа аймаққа кеткен.
SKIFNEWS.KZ «Мұны саясат дейді...» - Бүгінде орыс пен украин бір атаның балаларына ұқсамайды. Бірінің етін бірі жеп жатыр.
SHYN.KZ «РФ құлауына 5 жыл қалды ма?» - 2013 жылдың 12 желтоқсанында Мәскеуде Ресейдің алдағы он жылдықтағы даму бағдарламасын талқылаған конференция өткен болатын. Конференцияда есеп жасаған сарапшылардың барлығы дерлік, Ресей Федерациясының өмір сүру уақыты ары кетсе 5-7 жылға созылады деген қорытындыға келді.
JAQSY.KZ «Ирақ неге қирап жатыр?» - Америкалықтар демократия орнатамыз деген аманатынан аман-есен құтылып енді «уһ» деп отырғанда, Ирақ қайта қирап бастады. Бұл жолы - ішкі қырқыс. Саяси-діни топтардың билікке таласы.
«Назарбаевтың мінезі» - "Орда" фильміндегі тарихқа қатысты оспадарлық. Әз Жәнібек қалай жауызға айналды? Жириновский неге Қазақстанды жек көреді? Қазақы мәймөңкелік қай жылға дейін шыдас берді? Назарбаевтың Түркиядағы сөзі өктемcу ме, әлде мәжбүрлік пе?