Атырау, 25 қараша 19:46
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Шлюмбержеге» қарсы іс тоқтатылды

3 389 просмотра

Компания миллиард теңгеден астам салықты өтеді.

2009 жылдың көктемінде салық комитеті тексеру жұ-мыстарының нәтижесінде жалпы сомасы 800 миллион теңгеден астам мөлшерде үстеме салық және оған қоса 372 миллион теңге сомасында өсім төлеуге тиіс екендігі туралы «Шлюмберже» компаниясына хабардар еткен еді.

Сот ісінен кейін биылғы жылдың қыркүйегінде облыс прокуратурасы «Шлюмберже» компаниясының Атырау филиалының басшысына қарсы 222-бап бойынша («ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару») қылмыстық іс қозғаған болатын.

Қазіргі кезде, СЭҚКД баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, «Шлюмберже Лоджелко Инк» сервистік компаниясының бұрынғы басшысы Зулкифлай Бин Мохамадқа қатысты қылмыстық іс тараптардың мәмілеге келуіне және өтемақының, сондай-ақ, өсімнің толықтай төленуіне байланысты тоқтатылған.

Лев ГУЗИКОВ

16 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.