Атырау, 19 желтоқсан 08:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Шетелдік журналистер "тыңшылық" қызметін атқарып жүрген жоқ па?». «Ресейдің ұлттық валютасын еркін айналымға жіберуі теңгеге қалай әсер етеді?». «Футбол маманы қай құраманың жеңерін жобалап отыр». «Порошенко командасына Майдан разы емес».

1 874 просмотра

ALASHAINASY.KZ «Шетелдік журналистер "тыңшылық" қызметін атқарып жүрген жоқ па?» - Кез-келген мемлекет ең алдымен өзінің ұлттық қауіпсіздігін қорғауға міндетті. Сол ұлттық қауіпсіздіктің негізгі саласы – ақпараттық қауіпсіздік екені белгілі.

«Ресейдің ұлттық валютасын еркін айналымға жіберуі теңгеге қалай әсер етеді?» - Осы аптада Ресейдің Орталық банкі рубльді еркін айналымға жіберді. ...Мамандардың пайымдауынша, Ресейдің ұлттық валютасын еркін айналымға жіберуі жақсы нышан емес. «Мұның арты теңгенің девалвацияға ұшырауына апарып соқтыруы да мүмкін. Экономикасы Ресеймен байланған мемлекет ретінде біз бұдан қауіптенуіміз керек» дейді мамандар.

AZATTYQ. ORG.   «Футбол маманы қай құраманың жеңерін жобалап отыр» - Футболдан Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға шығудан үміттілер де көріне бастады. Қазақстандық сарапшы бірнеше құраманы «бұл ойында ұзаққа бармайды» деп бағалады.

«Порошенко командасына Майдан разы емес» - Украинаның жаңа президенті Петр Порошенконың биліктегі алғашқы қадамының бірі медиамагнат Борис Ложкинді өз әкімшілігіне басшы етіп тағайындау болды. Оның лауазымға тұлға таңдау тәсіліне әзірше Майдан разы емес.

SKIFNEWS.KZ   «Бар гәп – футболды басқаруда!» - Әлем футболында алдына жан салмай тұрған Испанияның да заманы өтті. О заман да бұ заман, Испания топтық кезеңнен плей-оффқа өтпей қалды дегенді естімегелі қашан?! Соңғы әлем және Еуропа чемпионатын жеңіп алған Испанияның клубтық командалары да кеше ғана айды аспанға бір-ақ шығарды емес пе?!

QAZAQUNI.KZ     «Қазақ қалай орыстандырылса, солай қазақыландырылуы керек!» - Тарихта таңбаланған деректі түбірімен ешкімде теріске шығара алмайды.

AIKYN.KZ   «Кім айтты саған, дәрігер “жемейді деп?”» - Біздің түсінігімізде, дәрігерлер бүгінге дейін адам жанына араша түсіп күресіп келсе, ендігіде сол ақ халаттылардың өзімен күресуге тура келіп тұр. Өйткені жыл өткен сайын денсаулық саласындағы жемқорлық белең алып барады.

MAIDAN.KZ     «Ертісбаев ел қамын жеген ер ме екен?» - Бауыржан Мұхамеджанов, Амангелді Шабдарбаев, Ермұхамбет Ертісбаев... Бұлардың бәрін не түлен түртті?.. Үшеуін де Ақордадан алыстайды деп ешкім ойламаған... Ойымыз сан-саққа жүгірді... Әлдебір есепке құрылған ауысулар емес пе?..

«Мағжанның жұмбақ өлімі туралы аңыз бен ақиқат» - Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылды ма?

TURKYSTAN.KZ    «Үй алу қиын Кезекті күту одан да сорақы» - Баспана мәселесі  тағы қаралды. Бірақ өткізілген жиындар мен баспанасы бар шенеуніктердің басқосуынан еш нәтиже болған жоқ.  Шұбырған жиналыстардың немен тынары да белгілі.

ABAI.KZ.    «Елдегі кезекті жекешелендіру кімдер үшін?» -  «Өлмеген құлға әлі-ақ жаз» дегендей, сонымен Қазақстан экономикасында кезекті жекешелендіру науқаны басталатын болды.

SHYN.KZ   «Террористің құны 80 000 доллар» - «25 сәуірде сағат нөлден басталып, бір жылға жалғасатын антитеррористік операциялар республиканың барлық қалаларында қарқынмен жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды Қытай ақпарат құралдары.

20 маусым 2014, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.