Атырау, 19 желтоқсан 09:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстан экономикасы "жағымсыз" рейтингке ие».«Бұл жолғы “газ соғысы” бұрынғыдан өзгерек». «Тарихты талқандау: Қазақтың тегі сақ емес». «Өз қаражатымызды өзіміз қарызға алып отырмыз ба?». «Қашағанға көз тиді ме?».

1 700 просмотра

AZATTYQ. ORG.   «Қазақстан экономикасы "жағымсыз" рейтингке ие» - Standard & Poor's рейтинг агенттігі Қазақстан экономикасына қатысты рейтинг болжамын «тұрақтыдан» «жағымсызға» өзгертіп, елдің ішкі жалпы өнімінің өсіміне қатысты болжамын да 4,5 пайызға төмендетті.

«Бұл жолғы “газ соғысы” бұрынғыдан өзгерек» - Ресей Украинаға газ беруін тоқтатты. Ресейдің газ компаниясы «Газпром» Киевтен бұл отынның берешегін қайтаруды талап етті. Екі ел арасындағы газ дағдарысы бұрнағы жылдардан өзгеше болып тұр.

ALASHAINASY.KZ    «Тарихты талқандау: Қазақтың тегі сақ емес» - Біз кімбіз өзі? Қазақ деген атау не мағына береді? Осы сұраққа жауап табам деп талай ғалымның миы қатты, қанша тарихшының қаламы сынды екен?

«Анаңнан да, ағаңнан да әйелің артық» - Әрине, мына өмірде әр адам үшін ананың алар орны бөлек. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Оған ешкімнің таласы да жоқ. Ағаның да өз орны бар. Алайда отбасында әйелден артық адам жоқ екені даусыз.

«Өз қаражатымызды өзіміз қарызға алып отырмыз ба?» - «Қазақстанның сыртқы қарызы пәленбай миллиардқа жетті» дегенді естіген кезде, кез келген қазақстандықтың «мұнайлы ел бола отырып, біз қалайша біреуге қарыз боламыз?» деп ойлайтыны рас.

«Баспана кезегін бақандай 50 жыл күтеміз бе?» - «Үмітсіз - шайтан» демекші, адам болғаннан кейін ең алдымен баспанаға қатысты үміт отын өшірмеуге тырысатынымыз бар.

AIKYN.KZ   «Мұнай миллиондар әкеп жатыр» - Ырымшыл халық болғандықтан да біз дәл қазір әлемдік рынокта қалыптасқан жағдайға қарап, «қазаққа Құдай жақ» дейміз.

JASQAZAQ.KZ.   «Қашағанға көз тиді ме?» - Қашағаннан «қара маржан» табылғанда бөркімізді аспанға атып қуандық. Гүлденеміз дедік. Баиимыз дедік. Көгереміз дедік. Әйтеуір осы мұнайдың арқасында енді «ешкімге тәуелді болмаймыз» дегенді де жамыра айтып, жарыса жаздық.  

19 маусым 2014, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.