Атырау, 11 қыркүйек 06:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +23
$ 477.45
€ 527.10
₽ 5.24

«Мысық көзі» мерт болудан сақтауы мүмкін

1 473 просмотра

Жол полициясы кейбір жаяу жүргіншілер өткеліне жарық шағылыстыратын шамдар тізбегін орнатып қойды.

Жарық шағылыстыратын маркерлер, немесе «мысық көзі» жол полициясының пікірінше, жаяу жүргіншілер тап болатын апаттар санын азайтуы тиіс. Бұл «назар аудар, алдыңда жаяу жүргінші өткелі бар» деген секілді оптикалық ескерту белгісі екен.

- Алыстан, әсіресе қараңғы мезгілде маркерлердің жыпылықтап тұрған жарығын көрген жүргізушілер алдын ала жылдамдықты азайта бастайды, - дейді ЖПБ автокөлік техникалық инспекциясының бастығы Махамбет ТӨЛЕМІСОВ. - Әзірге біз жарық шағылыстыратын маркерлерді тек апат деңгейі жоғары жаяу жүргіншілер аймағына: Азаттық, Сәтбаев, Тайманов бойына ғана орнаттық. Бұлар қалалық әкімдік қаржыландырып отырған тәжірибе алаңдары. Бақылау қорытындыларына сәйкес, оларды қолдану аясын кеңейтуіміз мүмкін.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

30 маусым 2011, 00:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.