Атырау, 27 желтоқсан 05:39
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сот Дәулетовті қамауға рұқсат бермеді

3 470 просмотра

9 желтоқсан күні қалалық сот Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Марат ДӘУЛЕТОВТІ қамауға алуға рұқсат беру туралы прокуратура өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сол аралықта молдавиялық бизнесмен Сергей КОРНЕГРУЦАНЫҢ жанжалды түрде «түр-меден қашуы» жөнінде кейбір жайттар белгілі болды. Биылғы жылдың 26-шы тамызында колонияның тұтқыны Корнегруцаны комиссия шешімімен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ұсыныс болған еді. Түзету мекемесінің бастығы Берік ЕСМАҒАМБЕТОВТІҢ нұсқауымен заңдылығын тексеру үшін дайындалған іс материалы облыстық прокуратураға жолданады. Әрі қарай №2 қалалық сот шартты түрде мерзімінен босату туралы қаулы шығарады. Осы әрекеттердің барлығы бір күн ішінде орын алған. Ал 27 тамызда Корнегруца әлдебір жолмен құжаттарын алып, ұшақпен Алматыға ұшып кеткен. Ал 29-ы күні Стамбул арқылы отаны Кишиневке ұшқан.

Алайда 13-ші қыркүйек күні соттың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулысы облыс прокурорының наразылығы бойынша күшін жояды. Сол кезде ҚАЖД-де топалаң басталады. Тергеу барысы бойынша, Есмағамбетовтің нұсқауымен колонияның аға жедел уәкілі А.МЕҢДІҒАЛИЕВ апелляциялық сот алқасының отырысына Корнегруцаның орнына әлдебір тұтқын А.БУГРЕЕВТІ көрсеткен. Арсыз әрекетті Бас прокуратура әшкерелеген. Жергілікті қаржы полициясы 6-шы департаменттің басқарма бастығы А.УЙВАДИЛЬДИНОВТЫҢ басшылығымен қылмыстық іске тергеу жүргізіп жатқан еді. Тергеу жорамалынша, Корнегруцаның қашуы, ішінара, ҚАЖД бастығы Дәулетовтің «заңға қайшы және бетімен жіберу әрекеттерінің» салдарынан орын алған.

6-шы желтоқсанда күндіз Марат Дәулетов ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына алынған болатын. Сәрсенбі күні, 9-шы желтоқсанда Астанадағы брифингте Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілі Самал ҒАДЫЛБЕКОВА Дәулетовке қатысты «Қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану» деп аталатын 308-бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Ал 9 желтоқсанда қалалық №2 соттың судьясы Элеонора ОНҒАРСЫНОВА Дәулетовті қамауға «келісім» бермеді. Қаулыда айтылғандай, сотқа іс бойынша куәгерлерге қысым көрсететіндігі туралы қандайма болмасын дәлелдер ұсынылмаған және соттың оның алдын ала тергеу ісіне кедергі келтіруі және қашып кетуі мүмкін деп жорамалдауға негіз жоқ делінген.

Бізге Марат Дәулетовтің адвокаты Тамара ЖҰБАНЫШЕВА хабарлағандай, прокуратура бұл қаулыға қарсылық білдірген. Кеше жоғары сатыдағы сот қарсылық білдіру шағымын қарап, қаулыны өз күшінде қалдырған. Дәулетов бостандықта қалды.

Лев ГУЗИКОВ

16 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.