AZATTYQ.ORG. «Рудный тұрғыны азаптауға ұшырағанын БҰҰ комитетінде дәлелдеді» - Рудный тұрғыны Расим Байрамов БҰҰ комитетіне өзін полицейлер азаптағанын дәлелдеді. Енді Қазақстан үкіметі істі тексеріп, кінәлілерді жазалауы тиіс. Бұл - Қазақстандағы осындай үшінші жағдай.
«Обама Конгреске Иракқа әскер жіберетінін ескертті» - АҚШ президенті Барак Обама Иракқа америкалық 275 сарбаз жіберуге шешім қабылдағаны туралы Конгресті хабардар етті.
«Орыс ұлтшылдарының Украинадағы әрекеті» - Кремль «Украинада тайраңдаған фашизм» туралы жиі айтады. Алайда бұл елдің шығыс аймақтарында алауыздық қоздырып отырғандар, керісінше, Ресей әсіреұлтшылдары.
SERKE.ORG. «Бас редактордың пәпігін кім басады?» - Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жаман үрдіс пайда болды. Қазір кейбір газеттер өзара есеп айырысудың, әлдекімдерді бопсалаудың, сол арқылы пайда табудың құралына айналып барады. Мұндай жалпылама тұжырым арқылы қоғамды іштен ірітіп бара жатқан кеселдің диагнозын түсіндіру қиын-ақ. Сондықтан былайғы жұрт біле бермейтін «Central Asia Monitor» газетінің тәжірибесі арқылы БАҚ-тың сорына тыша бастаған жаман үрдістің беталысын анықтауды жөн көрдік.
AIKYN.KZ. «Қарабақ кімнің жері?» - Мамыр айының соңында Астанада қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың керегесі әзірге кеңи қоймайтын сияқты. Осы үштік (Қазақстан, Ресей, Беларусь) одаққа кіруге дәмелі Қырғызстан мен Арменияның басында шешілмей жатқан мәселе көп.
«Қазақстанда «қи салығы» бар ма?» - Ел экономикасының жоғарғы даму қарқынын сақтап қалу үшін ел Үкіметіне тіпті жазғы демалыссыз жұмыс жасауға тура келуі мүмкін.
ALASHAINASY.KZ. «Қазақтың экономикалық рейтингі неге төмендеп кетті?» - Кешелі бері халықаралық Standard & Poor’s рейтинг агенттігі Қазақстан экономикасының «тұрақтылық» деңгейі «теріске» шыға бастағанын мәлімдеп отыр. Осылайша қаржы-несие қызметін халықаралық деңгейде сараптап, сүзгіден өткізіп отыратын аталмыш агенттік Қазақстанның қайсыбір салаларындағы даму деңгейі сылбыр екенін ашып көрсетуде.
«Тоқал болғым келеді, тоқал болғым...» - «Әкесін сабағанды көрген едік, бірақ арбаға байлап сабағанды кім көрген» дегендей, қазіргі таңда еркектер «тоқал алғым келеді» десе таңғалмаймыз, алайда қыз-келіншектердің «тоқал болғым келеді» деп ашық айтқанын естіп пе едіңіз? Таяуда өзім жақсы араласатын тұрмыс құрмаған құрбыммен әңгімелесіп отырғанда ол маған өзінің байсалды бір ер адамға екінші әйел болғысы келетінін айтты...
BAQ.KZ. «Бегім Ана аңызы» - Ертедегі Жанкент қаласы-мәдени және тарихи жағынан да маңызы зор археологиялық ескерткіш. Бірақ онда әлі күнге дейін кең көлемде археологиялық зерттеу жүргізілген жоқ. Олар бұны өткен ғасырлардан мұра болып келе жатқан аңыздардан біледі. Солардың бірі «Бегім ана» аңызы адалдықтың бейнесі болған Бегім атты оғыз қызы жайында әңгімелейді.