Атырау, 19 желтоқсан 09:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Алашордашылар кім? Супрематистер ме?». «Алданған халық, тоналған қазына». «Украинадан қанша адам босып кеткені беймәлім». «Қазақстанда баға көтеріліп барады». «Баспаналы болудың тиімді әдістері».«Ерлан Қарин, саясаттанушы:“Абайламасақ, біз де арандаймыз”

2 717 просмотра

AZATTYQ. ORG.    «Инвесторларды салықтан босату кері әсер етуі мүмкін» - Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды елдегі жекешелендіру процесіне қатысуға шақырды. Ал экономист инвестиция туралы заңдағы өзгерістердің пайдасы да, зияны да бар екенін айтады.

«Украинадан қанша адам босып кеткені беймәлім» - Украинаның шығысындағы сепаратистерге қарсы қарулы қақтығыс мыңдаған бейбіт тұрғынды баспанасыз қалдырды.

«Қазақстанда баға көтеріліп барады» - Жыл басынан бері Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызмет көрсету тарифтері 2013 жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға қымбаттады. Біреулер мұны Ресей нарығына тәуелділікпен байланыстырады.

AIKYN.KZ   «Баспаналы болудың тиімді әдістері» - Алматыда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың топ-менеджерлері риэлторлық компаниялардың директорларымен кездесті. Кездесуге қатысушылар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

TURKYSTAN.KZ    «Тағы да Берия туралы сөз» -  Ия, Берия күрделі тұлға. Ол туралы ақпарат құралдарында аракідік болса да мақалалар жарияланып келеді.

ABAI.KZ.    «Алашордашылар кім? Супрематистер ме?» - Google-аудармаға мемлекеттік тіліміз қосылатын болды деп, бөркімізді аспанға атқалы жүргенде, «ағылшыннан қазақшаға аударғыштардың» әупірімдерін көріп, аттан ауып қала жаздадық. Қазақтың тілі мазақ болмайтын күн болар ма екен дейсің осындайда. Мемлекеттік тілді қадағалайтын органдарымыздың бар екеніне шүбә келтіресің...

«Азғындап жатырмыз ба? Азғындатып жатыр ма?» - Алматы қаласында көбелек суреті салынған және үгіт жүргізген анайы мәтіні бар парақшалар жер асты өткелдері мен аялдамаларда және трансформатор жәшіктерінде жапсырылған.

«Алданған халық, тоналған қазына» - Мәселен, жергілікті жердегі «қазақ тілін оқыту орталықтарын» жекешелендірудің не қажеті бар екен? Тіл мемлекеттік болса, оны таныту, одан әрі сана мен жүрекке сіңдіру ісін де мемлекет өзі жүргізуі керек емес пе?!

QAZAQUNI.KZ    «Ерлан ҚАРИН, саясаттанушы: “Абайламасақ, біз де арандаймыз”» - Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, Сириядағы қақтығысқа әлемнің 74 елінен 11 мыңнан аса ерікті қатысуда. Бұған дейін баспасөз беттерінде Сириядағы қақтығысқа Қазақстаннан 500-ден аса адам кеткен деген ақпарат тарады.

17 маусым 2014, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.