AZATTYQ. ORG. «Әлемге Холокост қасіреті туралы ескерткен адам» - Қазір Польша сыртқы саясатында Карскийдің аяушылық пен жауапкершілікке қатысты ұстанымдарын пайдаланып, оның есіміне құрмет көрсетіп жатыр.
«Украина армиясы биліктің уәдесі орындалғанын күтеді» - Киев жағдайы жүдеу әскерін қару-жарақ, азық-түлікпен қамтамасыз ету жолдарын қарастырып жатыр.
«Сотталушы тергеу кезінде азапталғанын айтады» - Астана тұрғыны, сотталушы Руслан Темірболатов «полицейлер көлік ұрлағаныңды мойында деп ұрып-соқты» деп шағымданады. Азаптау туралы іс бір ай бұрын қозғалған. Ал көлік ұрлауға қатысты іс сотта қарала бастады.
ALASHAINASY.KZ «Қазақша білмейтін министрдің ертеңі не болмақ?» - Әрине, қазір кейбір министрлердің қазақ тілінде сөйлеуге тырысып жатқаны байқалады. Олар сұрақ-жауап кезінде барын салып, тұщымды ақпарат беруге талпынады. Алайда солардың ішінде мемлекеттік тілге атүсті қарайтындар да аз емес.
«Қазақ интеллигенциясының беделі неге түсіп кетті?» - Қазақ бұрын ру-руға бөлінуші еді. Енді секта-мектаға бөлінетінді шығарды. Ол ол ма? Исламның, сол секілді христианның өз ішінде жеке-дара тармақтарда тағы да тарана түсуде.
«Кавказдағы қазақтар. Көзқарас пен кезеңдер» - Кавказдағы Қазақ хандығының тарихы көпшілікке беймәлім. Жетпіс жыл бойы социалистік жүйе мен колхоз құрылысын дәріптеп, осы еңбектеріне доктор, академик атағын иемденген Қазақстандық тарихшылар, еліміз Тәуелсіздігін алысымен комунистерге тән кәсіпкерлікпен, большевиктік қайсарлықпен төл тарихымызға қайта оралып, дау-дамаймен өткенімізді түгендеуге кірісті.
TURKYSTAN.KZ «Украина дағдарысы: себептері мен сабақтары» - 2013 жылдың соңы мен 2014 жылдың басында Украинадағы саяси-әлеуметтік жағдай шиеленісіп, елде биліктің ауысуы орын алды, әрі бұрынғы Президент қашып кетті.
AIKYN.KZ «Зейнетқор инвестқорға айнала ма?» - Елімізде жинақтаушы зейнетақы қорларын біріктіру процесі толықтай аяқталды. Қазіргі кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 9 865 876 зейнетақы шоты болса, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,099 триллион теңгені құраған.
«Жеңіл өнеркәсіптің жолы жеңіл болмай тұр» - Президент Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында бұл саланы дамыту көзделіп отыр. Десек те, қазір қандай жұмыстар жүргізілуде, нендей түйткілдер бар?
SERKE.ORG. «Үшінші Ирак соғысы басталып кетті» - Илим күштері Бағдадқа қарай сап түзіп бара жатқанда, Вашингтонның шет қала бергені дұрыс па? Foreign Policy шолушысы Майкл Найтс осы сұрақ төңірегінде ой қозғайды.
MAIDAN.KZ «Тимур Құлыбаев туралы не білесіз?» - Оңтүстікке Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен келді.
«Бекболат Тілеухан: “Қазақстан үшін тыныштық өте, өте-мөте маңызды, бауырлар!”» - Сонымен, Еуразиялық экономикалық одақ хақында. Одақ жайлы қайсыбір сарапшыларға құлақ салсаңыз, орыс келіп, қазақ барып, өріс кеңіп, ғажаптанып, шала жарылқанбақ екенбіз.
SKIFNEWS.KZ «”Өкіметский” өтірік...» - Өтіріктің де түр-түрі болады. Ақ сөйлейік, айтушысы келіссе өтіріктен де жаның рахат табады.