AZATTYQ. ORG. «Украина дағдарысы Ресей газының бір жолын жапты» - "Оңтүстік ағын" газ құбырын салу арқылы Украинаны айналып өтпек болған Ресейдің жоспарын күтпеген жерден Болгария бұзды.
«Инвесторларды салықтан босату кері әсер етуі мүмкін» - Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды елдегі жекешелендіру процесіне қатысуға шақырды. Ал экономист инвестиция туралы заңдағы өзгерістердің пайдасы да, зияны да бар екенін айтады.
«Байқоңырлықтар жер беруді талап етті» - Қызылорда облысы әкімдігінің алдында жүздеген байқоңырлық жиналып, қала маңынан жер беруді талап етті. Ал әкімдік жер телімдері тек жергілікті тұрғындарға кезекпен берілетінін айтады.
SERKE.ORG. «Үшінші Ирак соғысы басталып кетті» - Илим күштері Бағдадқа қарай сап түзіп бара жатқанда, Вашингтонның шет қала бергені дұрыс па? Foreign Policy шолушысы Майкл Найтс осы сұрақ төңірегінде ой қозғайды.
QAZAQUNI.KZ «Қазақстан мектептеріндегі дінтану пәні пайдасыз деп танылды!» - Қазақстанның бас прокуратурасы республика мектептерінде оқытылатын “Дінтану негіздері” пәнін сынға алды.
«Өнер жұлдыздары қайда демалады?» - «Атың барда ел таны, желіп жүріп» демекші, қазіргі заманда қалтаңда ақшаң болса қайда барып демалам десең де өз еркің. Бүгінде еліміздің қалталылары алты құрлықтың тамаша жерлерін аралап, тіпті қаласа, ұнаған елдерінен үй де сатып алып қояды.
SKIFNEWS.KZ «Терроризм неге мұсылмандардан ғана шығады?» - Жексенбіде Лас-Вегаста орын алған қанды оқиғаны әлем бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Біздің БАҚ-тар да «орыстан» көшіргені бар, Батыстан тіке алғаны бар, қалыспай хабарлады.
NAMYS.KZ «Қанға сіңген тектілік һәм ұрпақ тазалығы» - Дала данышпандары атанған бабаларымыз болашақ ұрпақ тазалығын сақтау мақсатында жеті атадан бері қыз алыспау дәстүрін берік ұстаған. Ата-ана үшін де, ертеңгі болашақ үшін де отбасылық үлгі-өнегенің әліппесі – озық медициналық сараптамадан өткен жеті атадан қыз алыспау ұстанымын бүгінгі заман өзі дәлелдеді.
JAQSY.KZ «Шам дағдарысы қашан шешіледі?» - Міне, Сириядағы сұмдықтың басталғанына 3 жылдан асты. Осы аралықта ресми дерек бойынша, 150 344 адам мерт болып, 2,5 миллион сириялық көрші мемлекеттерге бас сауғалап қашқан екен.
ALASHAINASY.KZ «Қазақ интеллигенциясының беделі неге түсіп кетті?» - Қазақ бұрын ру-руға бөлінуші еді. Енді секта-мектаға бөлінетінді шығарды. Ол ол ма? Исламның, сол секілді христианның өз ішінде жеке-дара тармақтарда тағы да тарана түсуде. Бұдан тыс ғаламданумен елімізге сайқалдап енген өзге де жалған идеологиялар жетегінде жүргендер қаншама? Осылайша мылтықсыз майдан нысанына айналған оларды әй, деп тыйып жатқан бұл қоғамда ешкім жоқ.
TENGRINEWS.KZ. «Рахат Әлиевті Австрия Үкіметі кепілдікпен босатпайды» - Венанда қамауға алынған Қазақстанның бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің адвокаттарынан өтініш түссе де, ол кепілдікпен босатылмайды.