AZATTYQ. ORG. «ЕАЭО: экономикасы осал елдер одағы» - ЕАЭО туралы келісім Қазақстан, Беларусь және Ресейдің шикізат саласына тәуелді экономикасын біріктіруді көздейді. Бұдан нақты интеграция күтетіндер де, "сауда соғысын" болжаушылар да бар.
«ҰБТ көрсеткіш қуу науқанына айналды» - Министрлік пен әкімдіктердің орта мектептерден жоғары білім көрсеткішін талап етуі мұғалімдер мен оқушыларды түрлі айла-шарғыға баруға мәжбүрлейді.
«ҮЕҰ-лар президенттен құқықтық кодекстерге вето қоюды сұрады» - Азаматтық қоғам өкілдері президент Назарбаевтан қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқару және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобаларына вето қоюын сұрады.
ALASHAINASY.KZ «Назар сал: бәйге!!!» - Бүгін түнде футболдан әлем чемпионатының «пердесі» түріледі. Төрт жыл сарыла күткен бүкіләлемдік дода басталып, ашылу салтанаты өтеді. Содан соң боладысымен дегбірді алған ойындар да басталады.
«Ресей өзгерді, ал біз ше...» - Познер ақсақалдың өзі аттас бағдарламасын қарағанды аса ұнатамын. Уақытқа қарай шама келгенше үзбей қараймын.
«Бизнес әліппесі: Адам ақшасыз өмір сүре ала ма?!» - Осы біз ақша табу үшін қызмет етеміз. Көп ақша табудың жолында біріміз бизнеспен айналысқымыз келеді, енді біріміз қос-қостан қызмет істегіміз келеді. Қысқасы, ақша адам өміріндегі басты құралдың біріне айналып кеткелі қай заман?
«"Пападан" қалай құтыламыз...» - Бүгінде ата-анасын пап-мам деп атайтындар басым. Әке-апа деп атайтындарға үрке қарайтынымызды несіне жасырайық. Тіпті, оған ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарайтындар да табылады.
TURKYSTAN.KZ «Украинадағы сепаратистерді қолдап жүргендер кімдер?» - Ақпарат құралдарындағы соңғы мәліметтерге иек сүйесек, Қазақстан қалаларында Украинадағы сепаратистерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында бірнеше пункт ашылған.
QAZAQUNI.KZ «Түрмеден келген хат» - Қазақ спорты жұлдыздарының бірі Меңдіхан Жәкенов қатаң тәртіп колониясында 11 жыл жазасын өтеуге кесілді…
SKIFNEWS.KZ «Ангела Меркель кімді алдап жүр?» - Шығыс Украинадағы шиеленіске байланысты Батыс елдері мен Ресей бір бірін жалған ақпарат таратты деп айыптап жатыр.