Атырау, 19 желтоқсан 09:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Украинаның жағдайы кезіндегі Польшадан жақсы". "Мектеп түлегі министрліктен неге кешірім сұрады?". "Алматы енді Қысқы олимпиаданы өткізуден дәмелі". "Санжар Сұлтанов: "Жақсы сценарий болса - кез-келген актерді келістіруге болады".

1 681 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Украинаның жағдайы кезіндегі Польшадан жақсы»- Украинадағы дағдарысты реттеу үшін үкіметті орталықсыздандыру реформасын іске асыру керек. Польша депутаты «Украинадағы қазіргі жағдайға қарамастан реформаны бастай беруге болады» дейді.

«ҰБТ-да жанжал мен шпаргалка дауы да болды» - Көп жерде ҰБТ жанжалға, оқушыларды «жөнсіз артық тінтуге» қатысты шағымдарға ұласты. Азаттық тілшісі биылғы емтихан кезіндегі шулы оқиғаларға шолу жасады.

«Алматы енді Қысқы олимпиаданы өткізуден дәмелі» - 2022 жылғы Қысқы олимпиаданы өткізуге үміткер төрт қаланың бірі – Алматы. Қазақстанның олимпиада комитеті бәсекеде озып шығудан үмітті. Ал сарапшылар мұның қымбатқа түсетінін айтады.

TURKYSTAN.KZ. «Мектеп түлегі министрліктен неге кешірім сұрады?» - Он жыл қатарынан өтіп келген ұлттық бірыңғай тестілеудің әлі де у-шуы басылар емес. Жыл сайын тәртіптері қатаңдатылып, тест сауалдары сүзгіден өткізілсе де, әйтеуір мағынасыз тапсырмалардың барын айтып дүрлігеді талапкерлер. Бір кездері «Пәленше батыр мінген тұлпардың қанша тісі бар?» деген езуге күлкі әкелетін сұрақтар кездесті десе, биылғы ҰБТ-да «Алматыдағы сыра зауыты қашан ашылды?» деген сауалдың бары айтылды.

«Мәңгүрттіктің сан түрлі белгісі бар» - Жас кезімізде ата-анамыз айтқанын дереу істей қоймасақ: «Әй, бірнәрсе айтсам, бетіме меңірейіп қарайтының не? Мәңгіріп қалдың ба? Мәңгүрт болып қалдың ба?», – деп ұрсатын еді. Бүгінгі кейбір қазақтарда, әсіресе орысша оқыған немесе бес-алты жыл Ресейде, Еуропада оқып келген қазақтарға ұлттық тіл, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тәрбие, атамекен, жер-су, ұлттық мемлекет сияқты жайттарды айта бастасаң бетіңе меңірейіп қарап тұрады.

«Бұл қоғам құрсаулы ғой саналыға...» - Қазақтың мұраты жайлы бірер сөз. Кез келген ұлт өміршең болып, толыққанды ұлт ретінде өзін өзгелерге мойындату үшін оның басын біріктіретін, әрбір азаматты ұлттық мүдде жолында қызмет етуге итермелейтін ұлттық төл идеясы, өзіндік арман-мұраттары болады. Өзге ұлттар секілді қазақ та сан ғасырлық тарихты бастан өткеріп, жаңа заманға қадам басты, үш жүз жылдық отарлық езгіден құтылып, тәуелсіз мемлекет құрды.

SERKE.ORG. «Кінәлі болып ақталғаннан кінәсіз болып ақталу өте қиын» - Ә.Қосановтың фейсбуктегі 27.05.2014 жылғы «Жанболатқа жақтасу» мақаласына төмендегідей пікірімді жазғанмын.

ZHEBE.COM. «Бір рет көтерілген байрақ, қайта төмен түспейді!» - Түркияда  мемлекеттік байраққа қатысты  жұрт  дүрлігіп тұр.  Атақты Мәмет Емин  Расулзаденің «Бір рет  көтерілген байрақ, қайта  төмен  түспейді!»   деген сөзін ұран қылған жұрт  Түркия  үкіметі мен  Қарулы күштеріне  Диярбақырдағы оқиғалар үшін   наразылық  білдіріп жатыр. Әсіресе, әлеуметтік  желілерде белсенділік танытып жатқандар көп.

KINOSTAN.KZ. «Санжар Сұлтанов: "Жақсы сценарий болса - кез-келген актерді келістіруге болады"» - Канадалық қазақ режиссері, сценарийші, продюсер, актер. 1988 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданында дүниеге келген. 9 жасында Англияға оқуға кетті. Кейін білімін Канадада жалғастырды. 2009 жылы ағасы Саидпен бірге Reverson Entertainment кинокомпаниясын құрып, киножобалар өндірумен айналысады.

11 маусым 2014, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.