Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Ең жоғары (125) балл жинаған қазақстандық түлектер арасында атыраулықтар жоқ.
Біздің өңірімізде жалпы мектеп түлектерінің (4696) 3799–сі ҰБТ-ға қатысты. Орташа балл 62,09 (өткен жылы –74,1)құрады. Ерекше белгіге үміткерлер мен үздіктер өз білімдерін растай алмады. «Алтын белгі» төсбелгісіне 152 үміткердің тек 30-ы ғана төсбелгі алады. Үздік аттестатқа 80 үміткердің тек 8-і ғана өз білімдерін дәлелдеп шыққан.
Бізге облыстық білім беру басқармасындағылар хабарлағандай, қорытындылар әлі күнге дейін білім беру министрлігінде өңделіп жатыр екен. Анағұрлым нақты есептеме келесі аптада болады.
Естеріңізге салсақ, облыс бойынша тестілеу үш кезеңмен – 2, 4 және 6 маусымда өтті. Жанжалсыз болмады. Тек алғашқы күнде-ақ екі мыңдай ұялы телефон алынып, 10 адам тест тапсырудан шеттетілген еді («ҰБТ және жанжалдар»).
Сәуле ТАСБОЛАТОВА