Атырау, 14 мамыр 09:30
 ашықВ Атырау +19
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

ҰБТ және жанжалдар

3 279 просмотра

Атырауда өткен ҰБТ-ның алғашқы күні жанжалмен басталды. Дүйсенбі күні, 2 маусымда Атырау қаласы мен Исатай ауданындағы мектеп түлектері үшін тестілеу Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғимаратында өтті. Аудиторияға кірмес бұрын талапкерлерден екі мыңдай ұялы телефон алынды, 10 адам тест тапсырудан шеттетілді.

«ҚЫЗДАРДЫ ПЕРДЕНІҢ АР ЖАҒЫНА ЖІБЕРДІ»

Биыл 4 696 мектеп түлегінің 3 868-і ҰБТ тапсырады. Бірінші күні АМУ-де тестілеуден гимназия мектептерінің: ҚТЛ, техникалық гимназия, Х.Досмұхамедұлы атындағы облыстық лицей, №17 мектеп-лицей және дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының оқушыларын қосқанда 700-ден астам түлек өтті. Тестілеу 40-60 адам сыятын 12 аудиторияда өткізілді. Оған кірмес бұрын түлектер қатаң тексеруден өтті. Тестілеу көп кешігіп басталды. Ата-аналар бұған қатысты былай дейді:
- Сағат 6.30-да балаларымызды алып, мектепке келдік. Содан соң бізді университетке әкелді. Сағат 9.00-де балаларды ғимаратқа кіргізді, оларды сағат 12-ге дейін тексеріп, металл іздегіш арқылы төрт рет өткізді. Қыздарды перденің ар жағына шығарып, ұялы телефон мен шпаргалканың бар-жоғын тексеру үшін белдемшелерін түруге мәжбүрледі. Қызым 64 балл жинады, алайда сынақ тестілерін жақсы тапсырған еді. Апелляцияға бердік.
- Ұлым 73 балл жинады. Ал сынақ тестісінен 90-ның үстінде балл жинаған еді. Шындығына келгенде, ҰБТ-ның қалай өтіп жатқандығына жағамызды ұстадық. Астанадан комиссия келді, жергілікті ҰҚК қызметкерлері көрнекі процесс ұйымдастырды, әрқайсысын бес мәрте сканерден өткізді. Тестіні тек 11.30-да ғана жазуға отырды, ал мектепке 6.30-да жиналған едік. Балалардың қандай күйде болғанын айтудың да қажеті жоқ деп ойлаймын. Бәрі бірдей телефон мен шпаргалка тығып алған жоқ қой.
 
«БІЗДІҢ АУДИТОРИЯДАН ЕКІ БАЛАНЫ АЛЫП КЕТТІ»

Сейсенбі күні тестілеудің алғашқы күніндегі алдын ала қорытындылар туралы ресми ақпарат болған жоқ. Облыстық білім беру басқармасындағылар қорытындылардың өңделіп жатқанын хабарлады. Апелляцияға қанша шағым түскендігі туралы да ақпарат болмады. Алайда, сейсенбі күні АМУ ғимаратының алдына жиналған оқушылардың көптігіне қарағанда, мұндайлар баршылық екен. Маған техникалық гимназияның екі түлегімен тілдесудің орайы келді:
- Біздің бәріміз 90-нан жоғары балл аламыз деп ойлаған едік. Бірақ одан аз балл жинадық, - дейді Ермек. – Қосылған сұрақтар, әсіресе техникалық пәндер, мысалы, физика бойынша қиын болды. Математика бойынша қате сұрақтар болды. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы бойынша қиын сұрақтар болды. Қатаң тексеру жүргізілді, жер-жерде камера, кім қолына телефонды алса, соны шығарып жіберді. Акт жасап, қорытындыларын жоққа шығарды.
- Қалай ойлайсыңдар, неге бұлай болды?
- Білмеймін, мүмкін қатты толқып, абыржыған шығармыз. Қасыңдағы адамды шығарып жіберген кезде мазаң кете бастайды екен. Мысалы, біздің аудиториядан екі баланы алып кетті.
Менімен сөйлескеннен кейін балалар апелляцияға беруге кетті.
Біздің білгеніміздей, алғашқы тестілеу күнінде Досмұхамедұлы атындағы лицей түлегінің бірі ең жоғары балла жинаған - 120 балл. №16 орта мектептің түлегі Әмина ТАСҚАЛИ 115 балл жинап, «Алтын белгі» дәрежесін дәлелдеген.
АМУ проректоры Бақыт ЖӘУТІКОВТІҢ айтуынша, университет тек ұйымдастыру мәсе-лелеріне ғана қатысады екен:
- Біздің жұмысымыз - ҰБТ өткізетін жерді ұсыну. Тестілеудің өзін ұлттық тестілеу орталығының өкілдері өткізеді. Біздің кіре берісте металл іздегіш жақтау орнатылған, бүкіл аудиторияда байланыс тұншықтырғыштар мен бақылау бейнекамералары жұмыс істеп тұрды. Тестілеу 12 аудиторияда өтті. Сағат 8.30-да кіргізе бастады, кейбір түлектерде бірнеше ұялы телефоннан болды. Бұдан басқа калькуляторлар, шпаргалкалар табылды. Қазір анағұрлым күшті ұялы телефондар шыққан, сондықтан тұншықтырғышқа қарамастан, бәрібір сигналды қабылдайды.

ЕРЕЖЕ БҰЗҒАНДАР ОҚУҒА ҚАЙДА ТҮСЕДІ?

Сейсенбі күні кешкісін облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Зылиха ДҮЙСЕКЕНОВА қысқа ғана баспасөз конференциясын өткізіп, түлектердің ата-аналарына былай деді:
- Үстіміздегі жылдың 2 маусымында Атырау облысында ҰБТ үш жерде: Атырау қаласында (өткізілген орны - АМУ), Миялы және Доссор поселкелерінде (орта мектептерде) өтті.
Әлденеше рет жасалған ескертулерге қарамастан, білім және ғылым министрлігі мен облыстық білім беру басқармасының өкілдері ұйымдастырушылар тарапынан да, түлектер тарапынан да процедурада және тестілеу жүргізу ережесінде заң бұзушылықтар орын алатынын айтады.
2 маусымда аудиторияға кірмес бұрын бірқатар мектеп түлектерінен екі мыңдай ұялы телефон, сондай-ақ, басқа заттар мен ҰБТ өткізу нұсқауна-масында белгіленбеген оқу-әдістемелік құралдар алынды.
Тестілеу барысында мемлекет-тік комиссия өкілдері де ұялы телефондарды пайдалану факті-лерін тіркеді. Соның салдарынан АМУ-де ҰБТ тапсырып жатқан он оқушы емтиханнан шеттетілді.
Құрметті ата-аналар, Ұлттық бірыңғай тестілеу, сондай-ақ, 4 және 6 маусымда өтетін болады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты тестілеуге келген түлектерде өздерімен бірге ұялы телефондар, шпаргалкалар және т.б. болмауына назар аударуды өтінеміз. Түлек ҰБТ-ны 11 жыл ішінде алған біліміне сүйене отырып, өздігімен тапсыруы тиіс. Біз алдыңғы қателіктерді қайталамауды және балалардың емтиханға жақсы дайындықпен келуіне жағдай жасауды өтінеміз.
З.Дүйсекенованың айтуынша, ҰБТ кезінде ұялы телефонмен және шпаргалкамен ұсталған 10 бала мектептерде кәдімгі емтихан тапсырып, басқалармен қатар аттестат алады екен. Осы аттестатпен олар колледждерге, сондай-ақ, ресейлік және басқа шетелдік жоғары оқу орындарына түсе алады. Ал, қазақстандық жоғары оқу орындары, өкінішке орай, оларды қабылдамайды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА
Суретті түсірген автор

4 маусым 2014, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.