AZATTYQ.ORG «ЕАЭО келісімі қазақша жарияланбады» - ЕАЭО келісіміне қол қойған Қазақстан билігі "Одақта тең құқықтық сақталады, құжат қазақ және беларусь тілдеріне аударылады" деген еді. Алайда оның әлі күнге мемлекеттік тілде жарияланбауы кейбір қазақстандықтарды наразы ете бастады.
«Германия неге Ресейге іш тартады?» - Немістер Мәскеуге жанашырлық танытып, Ресейге қатаң санкциялар салуға қарсылық білдіріп келеді. Сарапшылар мұның себебін Екінші дүниежүзілік соғыстан да іздейді.
«Мәслихат депутаттары журналиске жаза сұрайды» - Қарағанды қалалық мәслихатының үш депутаты осы облыста тарайтын «Взгляд на события» газетінің редакторын «тіл тигізді» деп айыптайды. Редактор өзіне тағылған айыппен келіспейді.
ALASHAINASY.KZ «"Аңыз адам" мен ардагерлерді арандатып отырған кімдер?» - «Аңыз адам» журналы туралы «аңыз әңгіме» сценарийінің екінші сериясы басталды. 26 сәуір күні Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан он ардагер бірлесіп, Гитлер туралы жазғаны үшін «Аңыз адам» журналын сотқа беріпті.
«"Жаным, ажыраса тұрайықшы…"» - Бірақ, осы қаншалықты заңды? Осы сұрақ көкейімде тұрды да қойды. Сондай ақ отбасы бүтіндігінен гөрі, алауыздығы «шансты» молайтуының өзі естір құлақ, көрер көзге де жақсы іс емес қой? Мүмкін, бізде ажырасудың жыл санап көбейіп жатқаны осы себептен шығар? Кім білсін, бірақ… Әйтеуір не керек, заңгерге жүгіну керек деген шешімге келдім.
AIKYN.KZ «Ұйқысыз,тынымсыз “Сейфуллин”» - Түн ұзақ. Алыстан вокзалдың жарығын әрең байқайсың. Иттен басқа досы жоқ кемпір қайта-қайта «Верный» деп келеді. Жол бойындағы сұлулардың сықылықтап, «собака – друг человека» дегеніне кемпір «будь проклят!» деп қарғыспен демде қайтарды.
ABAI.KZ. «Прихватизация» - 1990 жылдардың басындағы жаппай жекешелендіру ел аузында «прихватизация», яғни «басып қалу», «заңсыз алу» деген мағынада қолданылған болатын.
SERKE.ORG. «Қазақша «еврей іздеу» немесе қарадомалақ «тақырбастар» қайдан шығады?» - Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі премьер-министрді тағайындағанда Кәрім Мәсімовтің ұйғыр емес, қазақ екенін қадап айтты. Сол кезде «Ұйғыр болса, несі бар, Қазақстан Конституциясында мемлекеттік лауазымды қызметті атқаруға ұлтына қатысты шектеу жоқ емес пе?!» деп Елбасының сөзін ерсі көргендер болған еді.
QAZAQUNI.KZ «Баукең туралы әңгімелер» - Мен қателеспеймін, қателессем, ешкімнен кешірім сұрамаймын дейтін топтан емеспін. Қазір мына отырған қара қыздан кешірім сұраймын, – дейді Дүйсенкүл Боповаға қарап басын иіп. – Осы қара қыздан кешірім сұраймын. Кеше менің тарапымнан артықтау сөз айтылып кетіпті. Кешір, қарағым, – деп сөзін ары қарай жалғайды.
JASQAZAQ.KZ. «Қызтекесі қызған қала» - Есіл еркелеп ағады. Ағыстың аяқ жағында екі ғашық қолтықтасып бара жатыр. «Екі ғашық, қол ұстасып» деген өлең жолына сұранып-ақ тұрған көрініс. Бірақ тілім бармайды. Өйткені, оның екеуі де еңгезердей жігіттер еді. Есіл теріс ағатын сияқты...
JAQSY.KZ «Ресейдің өзіне қазған қабірі» - Құтырған ит секілді күштер Украинаны жұлқылап жатыр. Әне, шығыс облыстары бөлініп кетті. Әлем қайда қарап отыр? Жаһанның жандармы Америка неге үнсіз? Неге тақырыпты Украина - Ресейдің көрі деп бердік? Сәл сабыр етіңіз, төменде барлық ойымызды тарқатып айтып береміз.
«Путиннің 6 қатесі» - Украина дағдарысынан құтылудың жолын Путин қалай тапты? Бұл дағдарыстың алдын қалай алуға болатын еді? "Янукович кінәлі" сызбасын кім сызды?