Атырау, 31 мамыр 17:56
 дождьВ Атырау +23.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

EXPO-2017 көрмесінің нысандарын салуға бұрын сотталғандарды тартады

973 рет қаралды

Фото: expo-2017.kz Фото: expo-2017.kzФото: expo-2017.kz Фото: expo-2017.kzАстана. 4 маусым. ҚазТАГ – Астанадағы EXPO-2017 көрмесінің нысандарын салуға бұрын сотталғандарды тартады, деп хабарлады елорда прокуратурасының баспасөз қызметінен.

«4-маусымда Астана қаласы прокуратурасының бастамасы бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ орталық кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ, Астана қаласы бойынша ҚАЖ-дің департаменті және ҚАЖ Комитетінің «Еңбек» РМК арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды», - деп көрсетілген ведомство сайтында жарияланған хабарда.

Меморандумның негізгі мақсаты – шығарылатын тауарларға тапсырысты қамтамасыз ету және өндіріс көлемін ұлғайту есебінен Астана колонияларындағы сотталғандарды жұмыспен қамту деңгейін барынша арттыру, сондай-ақ бұрын сотталған адамдарды дүниежүзілік көрме объектілерін салуды жүзеге асыратын мердігер ұйымдарына жұмысқа орналастыру.

ҚАЖ кәсіпорындарымен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК ынтымақтастығы өзара тиімді болатынына сенімдіміз және ең бастысы, сотталғандардың елеулі бөлігін таяудағы 2-3 жылда төленетін еңбекақымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Астана колонияларындағы өндірістік қызметтің дамуына түрткі болады.

Меморандум аясында тараптардың өкілдерінен жұмыс тобы құрылады, олар оны іске асыру бойынша барлық техникалық мәселелерді шешетін болады (тауарларды жеткізуге шарттар жасау, бұрынғы сотталғандардың тізімін құру және оларды ары қарай жұмысқа орналастыру және т.б.).

Қала прокуратурасы өз тарапынан Меморандум нәтижелеріне мониторинг жүргізеді және тараптарды оның негізгі мақсаттарына жету үшін бағдар береді.

Дереккөз: ҚазТАГ

5 маусым 2014, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.