AZATTYQ.ORG. «Украина оқиғасы Путиннің беделін елінде арттырған» - Путин рейтингісінің Ресей әскери қақтығыстарға араласқан сайын өсе бастайтыны қазір ешкімді таңғалдырмайтын болды. Путин Шешенстандағы, Грузиядағы, енді, міне, Украинадағы қақтығыстың «қаһарманы» болып отыр. Осы жанжалдар кезінде ол үнемі «Ресейдің абыройы асқақтасын», «Батыс бізді түсінбейді» деген идеологиялық үгітке жүгініп отырды.
«Бірде мықты, бірде әлжуаз Украина әскері» - Шығыс Украинадағы ұрыс шиеленісіп барады. Украина армиясының әскери дайындығы кейде іске алғысыз, кей жерлерде керісінше өте мықты деп бағаланып жатыр. Олардың мұндай әркелкі нәтиже көрсетуінің себебі неде?
ALASHAINASY.KZ. «Курчатовтықтар Ресей азаматтығын алуға мәжбүр болып жүрмей ме?» - Елімізде атом электр стансасын салу туралы мәселе ауық-ауық көтеріліп тұрады. Әр кездің талқысында қоғамымыздың пікірі ұдайы екіге жарылуда. Күні кешегі осыған ұқсас жоғары деңгейдегі мәлімдемеден соң да солай болды. Алайда бұл жолы сарапшылар АЭС салудағы экономикалық та, экологиялық та емес, саяси мәніне көбірек үңілуде. Мәселен, отандық мамандарды Қазақстанның қай жерінде АЭС салынатындығын РФ билігінің нұсқап, мәлімдеме жасауы таңданыс туғызған. Сонымен қатар олар атом электр нысанының энергетика тапшылығы жоқ ел өңірінен орын алуын да түсіне алмай дал болысуда.
«Әнұранның шырқалу үлгісін Мәжіліс қашан бекітеді?» - Бүгін, яғни 1992 жылдың 4 маусымы исі қазақ халқы үшін аса маңызды, тарихи күн. Дәл осы күні Тәуелсіз Қазақ елінің рәміздері ресми бекітіліп, күллі әлемге өзіміздің азат ел екенімізді паш еткенбіз. Сол тарихи сәттен тура 15 жыл өткен соң, 2007 жылы дәл осы 4 маусымда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңға қол қойып, мемлекеттік рәміздерімізді пайдалану тәртібін нақтылап берді. Бірақ, содан бері аттай 7 жыл өтсе де, Әнұранның шырқалу мәселесі бір ізге түспей келеді.
AIKYN.KZ «Каддафидің түбіне жеткен не?» - Жұмыр жердің 70 пайызын су басып жатыр. Соған қарамастан, әлем халқының 70 пайызы қазірдің өзінде суға зәру. Бұл жағдай 2025 жылға қарай ушығып, адамзаттың 80 пайызы бір жұтым судың зардабын тартпақшы.
«Адамзатқа төнген қауіп» - Бүгін – дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Біріккен ұлттар ұйымының бастамасымен, әлемдік қауымдастық қоршаған ортаның күрделі мәселелеріне назар аударуы үшін жыл сайын 5 маусымда аталып өтіледі.
«”Қашағаннан” қадір болмай тұр» - «Қашаған» кен орнындағы мұнай өндірісінің қайта жанданбауы кесірінен Қазақстан «қара алтын» өндіруде ұтылуы мүмкін.
SKIFNEWS.KZ «Қытай неден үркіп отыр?» - Қытай билігі мыңдаған қауіпсіздік персоналдарын аттанысқа келтірді, – деп хабарлайды «Шанхай дэйли» (Shanghai Daily) отыз бірінші мамырдағы ақпаратында.
ULT.KZ «Олимпиада не теңің?..» - «Ресми мәліметтер бойынша» ішкі жалпы өнімі жан басына шаққанда 12 мың доллардан келетін, ал әр азаматының мойнында 7700 доллар сыртқы қарыз ілініп тұрған мемлекетке, екі қолға бір жұмыс таппай, девальвация мен инфляцияның шынжыр бұғауында отырған, ертеңінен үмітсіз, қайыршы қазаққа Олимпиада не береді?
JAQSY.KZ «Есімдер сыр шертеді» - Есіміңіздің мағынасын білесіз бе?