Атырау, 19 желтоқсан 08:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қазақтың оралуына тағы да тосқауыл қойыла ма?". "Порошенко Украинаны басқара ала ма?". "Жанболат Мамайдың Поткин туралы мәлімдемесі!". "Жәкішев сотталғаннан кейінгі «Қазатомпром»".

1 589 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Жәкішев сотталғаннан кейінгі «Қазатомпром»- Бес жыл бұрын «Қазатомпром» ұлттық компаниясының басшысы Мұхтар Жәкішев тұтқындалды. Одан бір жыл бұрын ол «Қазақстан әлемдегі уран индустриясы көшбасшылары қатарына енуді жоспарлайды» деп жариялаған еді. Бұл жоспар қазір жартылай орындалды.

«Ресейде танымал редакторды тексере бастады» - Мәскеу полициясы оппозициялық журналист Алексей Венедиктовтің қаржылық әрекеттерін тексере бастады. Бұны Венедиктов жақтастары «өш алу» немесе «тәуелсіз БАҚ-ты қудалау» деп бағалайды.

BAQ.KZ. "Игорь ШУВАЛОВ: Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси даналығына таң қаламыз" - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары И.И.Шуваловпен сұхбат.

«Б.Қайратұлы: Мен білетін 48 отбасы қазақ екенін дәлелдей алмай жүр» - Астана қаласында «Түркістан» газеті мен оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Оралмандар: Азаматтық алуды оңтайландырудың жолдары» атты дөңгелек үстел отырысына құжаттық қиындықтардың себебінен әлі күнге ҚР азаматтығын ала алмай жүрген қандастарымыз да қатысты. Журналист Бекен Қайратұлы Моңғолиядан келген 48 отбасының бірнеше жылдар бойы қазақ екенін дәлелдей алмай жүргенін жеткізді,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ABAI.KZ. «Жанболат Мамайдың Поткин туралы мәлімдемесі!» - «Александр Белов-Поткинмен бірге жұмыс істеді» деген жалаға қатысты Жанболат Мамайдың мәлімдемесі. Поткин тұрмақ Путин де қазақ ұлтшылдары үшін тесік тиын!

«Қазақтың оралуына тағы да тосқауыл қойыла ма?» - Құзырлы орын өкілдерінің әуенінен "Қазақ көшін" тоқтату пиғылын аңғаруға болады. Тіптен бұл саясат  зялы қауым мен қалың қазақтың наразылығын баса тұру үшін жасалған сөз жүзіндегі құр уәде болуы да ғажап емес.Үкіметтің қаулысы  неге қауқарсыз?

SERKE.ORG. «Порошенко Украинаны басқара ала ма?» - Кешегі сайлаудың нәтижесіне қарасақ, жұрт өз даусын қашан да жаны шырқырап жүретін Тимошенкоға емес, саясатта өзін бар адам сезінсе де, бірақ бұл үдеден шыға қоймаған ауқатты миллиардер Петр Порошенкоға берді. Кейбір мәліметке сенсек, әлемдегі байлардың тізімінен орын алған Порошенко өзіне қажетті дауысты сатып алған көрінеді. 

ALASHAINASY.KZ. «Шәкеріммен хат жазысып, партбилетін Голощекинге беріп жіберген азамат» - Биыл Кенжетілеу Доланбекұлының туғанына – 110 жыл. Осыған орай біз оның өмірдеректерін, еліне сіңірген еңбегін халыққа жеткізуді жөн көрдік.

28 мамыр 2014, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.