Атырау, 19 желтоқсан 08:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Саяси тұтқынның жары келесі кездесуді күтеді». «Украина сайлауына Қазақстанның реакциясы». «Жетiстiң, жұртым, жетiстiң!». «Қол қойылса да, қарсылық тоқтамайды». «Саяси көзқарасымыз қашанғы Ресейге байлаулы болады?!».

1 589 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Саяси тұтқынның жары келесі кездесуді күтеді» - Тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова жақында күйеуімен кездесіп қайтты. Әлия Тұрысбекова Владимир Козловпен ұзақ мерзімді кездесуге кішкентай ұлы Аленмен барған. Азаттық тілшісіне берген сұхбатында ол Қазақстанның солтүстігіндегі түрмеден Алматы облысындағы Заречный кентіндегі колонияға ауысқаннан кейінгі Владимир Козловтың хал-жағдайы туралы айтып берді.

«Украина сайлауына Қазақстанның реакциясы» - Қазақстандық сарапшылар Петр Порошенконы «келіссөзге ыңғайлы, прагматик саясаткер» ретінде сипаттайды. Бірақ оның Украинаның Ресеймен қарым-қатынасы сияқты күрделі мәселені реттей алатынына күмән келтірушілер де бар.

ZHASALASH.KZ. «Жетiстiң, жұртым, жетiстiң!» - Ақмола, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары шетелдiк жер пайдаланушыларға құшағын жайып қарсы алатын көрiнедi. Әрқайсысы қанша жердi шүлен таратқандай әлгiлерге үлестiретiнiн тiзiп шығыпты. Масқараның көкесi осы! Әкiмдер кернейле­тiп, сырнайлатып, тұз-­дә­мiн көтерiп қарсы алудың қамында жүр шабылып.

«Қол қойылса да, қарсылық тоқтамайды» - Виктор КОВТУНОВСКИЙ, саясаттанушы:  Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кiруi ерiктi түрде ме деген сұраққа келсек, әрине, мұндай одақ құрудың негiзгi авторы Н.Назарбаев болғандықтан ерiктi деп саналады. Алайда бiр ғана пре­зиденттiң басқа мемлекеттермен экономикалық одақтас болуға ынтасы бүкiл қазақстандықтардың келiсiмiн, қолдауын бiл­дiрмейдi. Соған қарамастан, Н.Назарбаев бастама етiп кө­терген бұл мәселенi өзге отандастары да қолдайды деген сыңайдағы пiкiрдi тұтас халыққа таңу дұрыс емес.

ALASHAINASY.KZ    «Саяси көзқарасымыз қашанғы Ресейге байлаулы болады?!» - Бізде, шыны керек, халқымыздың басым бөлігінің саяси сауаты шамалы. Тіпті, көзі ашық, қолына портфель ұстап жүрген үлкен адамдардың пікірталасын тыңдасаңыз, кәдімгідей қарныңыз ашып қалады.

«Қол жетімді баспана, бұйырып жатыр басқаға...» - «Елімізде баспана алуға кезекке тұрғандар саны 1,5 жылдың ішінде 80%-ға артқан».

TURKYSTAN.KZ    «Беверли-Хиллзде талтаңдаған Храпунов Алматы қаласының әкімдігіне бой бере ме?» - Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов батыс баспасөзін жылжымайтын мүлігімен таңғалдыруда.

JASQAZAQ.KZ.    «Бізге нарық қажет» - 29 мамырда Астанада кедендік «үштіктің» мемлекет басшылары Еуразия экономикалық одағын құру туралы шартқа қол қояды.

27 мамыр 2014, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.