ALASHAINASY.KZ «Әкім болу әйелдің қолынан келмей ме?» - Еліміздегі әкім әйелдердің үлес салмағы 221-ді құрайды екен. Нәзікжандылардың әкім креслосында отырғандардың ең көбі Ақмола облысында көрінеді.
«Жаһандық экономикалық интеграцияға жаңа, тиімді әрі әділ архитектура керек» - Жер жаһанның алдында тұрған түрлі келеңсіздіктер туралы ашық пікірталас алаңын құраған Астана экономикалық форумы жетінші рет елордада жалауын көтерді.
«Қазақ мектептерін жапқысы келетіндер мемлекеттік саясатқа қарсы ма ?!» - Павлодар облысының Байдала ауылындағы жалғыз қазақ мектебі жабылудың аз-ақ алдында тұр.
«Қазақстан азаматтығынан кімдерді шығарып тастау керек?» - Бірақ, әлі күнге қоғам тарапы азаматтықтан айыру мәселесіне жіті мән беріп қараған емес. Неге? Біз бірінші кезекте кімдерді азаматтықтан айыруымыз қажет?
AZATTYQ.ORG «Украина сайлауының сегіз қыры» - Ертеңгі сайлауда «шоколад патшасы» Петр Порошенко «газ патшайымы» Юлия Тимошенкодан көп дауыс алуы мүмкін. Сауалнама осыны көрсетіп отыр. Бірақ бұл сайлаудың біз білмейтін тұстары көп.
SKIFNEWS.KZ «Адайлар көтерілісі туралы не білеміз?» - Қазақ халқының тарихындағы Сырым, Исатай-Махамбет, Кенесарыдан кейiнгi үлкен бас көтерулердiң қатарына жататын Иса мен Досан бастаған көтерiлiс - Маңғыстау шаруаларының патша үкiметiнiң отарлау саясатына қарсы көтерiлiсi.
JASQAZAQ.KZ. «Мұнай емес, түбі су қымбаттайды» - Қазір бізде пәлендей су тапшылығы жоқ. Бірақ болашақта оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірде су тапшылығы болады.
«Қара жол, қалғып кеттім...» - Алматы түні тынымсыз. Ұйқысыз халықпен бірге біз де таң атырдық.