Атырау, 21 мамыр 16:17
 ашықВ Атырау +18
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

Украина Қауіпсіздік қызметі экс-басшылардың шоттарын жауып тастады

1 155 просмотра
Украинаның бұрынғы президенті мен оның командасындағыларға тиесілі жалпы саны 56 шот жабылды. Бұл туралы Украина Қауіпсіздік қызметінің басшысы Валентин Наливайченко баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz агенттігінің Киевтегі меншікті тілшісі.

«Украина Қауіпсіздік қызметі экс-президент Виктор Януковичтің Украинадағы 11 жеке шотын, УҚҚ экс-басшысы Александр Якименконың 11 шотын, ІІМ бұрынғы басшысы Виталия Захарченконың 9 шотын және Сергей Курченконың 25 шотын жапты. Бұл жерде әңгіме ақша және алтын қоры жөнінде болып отыр», - дейді В.Наливайченко.

УҚҚ мамандарының айтуынша, тұтқынға алынған қаражат пен бағалы заттар мемлекеттік бюджетке қайтарылуы тиіс. Мемлекетке келтірілген шығындардың орнын толтыру үшін тергеушілер қылмыстық істі тергеу барысында Курченконың жеке шотын жауып, жалпы сомасы 1,5 млрд грн (140 млн доллар) жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін қамауға алды. Нақтырақ айтсақ, оған тиесілі 16 нысан: шетелдерде – 3, ұшақ – 7, автокөлік – 38, оның ішінде VIP-классты: 15 Mercedes-Benz, 3 Lexus, 2 BMW, 2 Porsche, 2 Toyota Camry, 1 Bentley Continental және 1 Aston Martin қамауға алынды.

Дереккөз: bnews.kz

20 мамыр 2014, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.