AIKYN.KZ «Әлеуметтік сақтандыру: Қазақстан мен Ресейде қай деңгейде?» - Ресей мен Қазақстан бірқатар халықаралық ұйымдарға мүше бола отырып, өз мемлекеттеріндегі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар халықаралық-құқықтық актілерді ратификациялап қол қойды.
TURKYSTAN.KZ «”Атаң жемеген асты аузыңа алма” деп...» - Біз қандай тамақ жеп жүрміз?
«Қазақша сөйлеу қажеттілігі неде?» - Тіл мәселесін шешуде, бірінші кезекте, қазақ тіліне деген қажеттілікті арттыру керектігін айтады.
AZATTYQ.ORG. «Жемилев: “Тыйым салады екен деп, жұмысымызды тоқтатпаймыз”» - Қырым татарлары лидері Мұстафа Жемилевтің түбекке кіруіне тыйым салынды. Қырым татарлары депортацияға 70 жыл толуына орай еске алу шарасын өткізбек.
«Чехияда исламға қарсы саяси жарнама шықты» - Еуропарламентке сайлау науқаны жүріп жатқан Чехияда исламофобиялық саяси жарнама қоғамда пікірталас тудырды.
«Ұялы телефондарды кәдеге жарату жобасы» - Жергілікті БАҚ «Қазақстанда ұялы телефондарды кәдеге жарату үшін жинайтын арнайы контейнерлер қойылады» деп хабарлаған еді. Бірақ жоба авторлары «журналистер асығыстық жасаған» дейді.
QAZAQUNI.KZ «Қазақ – қорғалмаған ұлт» - Мен ес білгелі, жанжалды кім бастаса да, қазақ айыпты болады.
«Алаңдауға негіз бар ма?» - Биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ата-аналары балаларының психологиялық тестілеуден өту проблемасына алаңдаулы.
ABAI.KZ. «Ашаршылық қашан басталды?» - Еліміздегі ашаршылық турасында әлі де тыңғылықты ғылыми тұжырым жоқ.
JAQSY.KZ «Тарихты талқандау: Қазақтың тегі сақ емес» - Біз кімбіз өзі? Қазақ деген атау не мағына береді? Осы сұраққа жауап табам деп талай ғалымның миы қатты, қанша тарихшының қаламы сындыекен?
«Сепаратизм: кейде заңдылық» - Қазір тренд тақтасынан түспей тұрған тақырыптар: селфи мен сепаратизм болса, селфидің жайы түсінікті. Ал, сепаратизм – белгілі бір саяси топтың немесе тұтас ұлт өкілінің үй ішінен үй тігіп, тәуелсіздік алуға талпынуы екен.