Атырау, 2 мамыр 23:26
 ашықВ Атырау +19
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Қайран, Қашаған!». «Жер жалға беріліп үлгеріпті». «...300 досың болсын».«Маска – Еуразия Одағына қарсылық белгісі». «Қытай демократиядан неге қорқады?». «”Жаңа Ресей” республикалары Путиннің тағдырына қалай әсер етеді?».

2 050 просмотра

AIKYN.KZ   «Арғы тегіміз кім?» - Адамзаттың арғы тегі кім, неден жаратылды, қайдан пайда болды? Белгісіз. Бүгін ғылымның өзі бұл сұраққа келгенде күмілжіп қалады. Баяғыда Дарвин шал «адам маймылдан жаратылды» деп қойып қалғаны бар.

«Жолы болғыш жандар» - Адам тағдыры әртүрлі. Оның өмірінде қуаныш пен қайғының қатар жүретіні анық та. Десе де, өмірде өткел бермес тереңнен оңай шығып, асу бермес белестерге қиналмай көтерілетін, жанында үнемі сәттілік атты жақсылық жүретін жандар бар.

«Өлім матчы» - Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдары Украинаны басып алған Вермахт әскерлері мен қан майданда тұтқынға түскен Кеңес Одағы солдаттары арасында футбол матчы ұйымдастырылды.

«Қайран, Қашаған!» - Қазақстан Қашаған кен орнындағы апат салдарынан күн сайын $3 млн жоғалтып жатыр. Бір жылда бұл шығындар $1 млрд-дан асып түсуі мүмкін, бұл елдің ІЖӨ-нің 0,5%-ын құрайды.

«Баянды, баламасыз бастама» - Кім не десе о десін, бір ақиқаттың беті ашық, ол – Еуразиялық экономикалық одақ біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бұдан тұп-тура 20 жыл бұрын жасаған өміршең ұсынысының бүгінгі сұлбасы.

TURKYSTAN.KZ  «Жер жалға беріліп үлгеріпті» -  Бірақ бұл қадамымызды таразылап алдық па?

«...300 досың болсын» -  Ресей Қырым оқиғасы туралы ақпарат берген журналистерді марапаттады.

AZATTYQ.ORG.    «Ресейдегі сақалдың тарихы» - Ресейде сақал қоюдың да саяси мәні бар. Сақал орыс дәстүрінде ер-азаматтың бір белгісі саналып, оның православ діні өкілі екенін білдіреді.

«Маска – Еуразия Одағына қарсылық белгісі» - Интернетте Еуразия Одағына қарсы акция басталды. Ресейдің «империялық пиғылынан қорғану» белгісі ретінде медициналық маска таққан қолданушылар саны әлеуметтік желілерде артып келеді.

«Түлектер “жаппай жұмысқа тұратын” маусым» - Университеттердің рейтингін көтеру үшін түлектерден әлі толық тұрмаған жұмыс орны жайлы құжат талап етуін көзбояушылық деп сынаушылар бар. Оқу орындары мұны «министрлік талабы» деп түсіндіреді.

ABAI.KZ.    «Қытай демократиядан неге қорқады?» - Қытай билігі «сайттарда қате ақпараттар таратқандарды және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекет құпиялығын әшкерелегендерді жазалау» деген атпен ел ішінде тексеру және тұтқындау науқанын қауырт жүргізуде.

«Саясаткер жолы» - «Азат» қозғалысының шекпенінен шыққандығымнан болар, «бүгінгі қазақ саясаткерлері қандай болуы тиіс» деген сұраққа олардың бойында «Алаштың» дәстүрін жалғастырған, тәуелсіздіктен бір жарым жыл бұрын құрылған «Азат» қозғалысының ұстанымы мен қасиеттерін бойына сіңірген азаматтар болуы керек деп жауап беремін.

SERKE.ORG.  «”Жаңа Ресей” республикалары Путиннің тағдырына қалай әсер етеді?» - Қырым Ресейдің қанжығасында кетті. Бұған енді ешкім таласпайды. Ресми түрде ешкім мойындамағанымен, бұған АҚШ пен Еуропаның көнбеске лажы жоқ.

QAZAQUNI.KZ    «Құрдымға бет алған Еуропа» - Еркектен әйелге азған Кончита Вурстқа құрдымға бет алған Еуропа жұртшылығы өздеріндегі ең беделді ән байқауының бас жүлдесін алып беруі құдай қарғаған азғындықты жақтаушылар мен даттаушылардың ара-жігін бұрынғыдан да айқындай түсті.

15 мамыр 2014, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.