Атырау, 3 мамыр 05:25
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

"Тайчибеков қашанғы тайраңдайды?". "Қытайдың “жеті тыйымы”. "ҰБТ-ны ақыға «тапсырып берушілер» әлі бар". "Шымкентскийлер" субэтнос па? Неге оларды жек көреді?". "Қазақстанда инвестициялардың жаңа толқыны күтілуде".

1 862 просмотра

TENGRINEWS.KZ. «Бурабай мен Түркиядағы шипажайлардың бағасы салыстырылды» - Индустрия министрлігі Бурабай мен Түркиядағы шипажайлардың бағасындағы айырмашылықтарға қатысты пікір білдірді. Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев  Бурабайдағы қонақүйлердің құны неге шетелдік шипажайлармен бірдей деген сұраққа жауап берді.

AZATTYQ.ORG. «ҰБТ-ны ақыға «тапсырып берушілер» әлі бар» - Мектеп оқушылары жоғары оқу орнына (ЖОО) түсу үшін тапсыратын бірыңғай ұлттық тестке заңға қайшы түрде біреудің атынан сынаққа кіретін «кәсіпкерлер» де дайындалып жатыр. Оқушылар не себепті оларды жалдайды?

ABAI.KZ. «Қытайдың “жеті тыйымы”» - Қытайда ойын автоматтарына 14 жыл бойы тыйым салынып келген болатын. Сол тыйым таяуда өз күшін жойды. Батыс ақпарат құралдары қытайда осындай «тыйымдар» азайып келе жатқанымен басқа да тыйым түрлері баршылық дейді. CNN-ның жетінші мамырдағы жаңалығына сүйенсек, қытай халық өмірінің біраз тұстарына бақылауларын азайтқанымен, кейбір мәселелерде әлі де қатаңдығынан таймаған көрінеді. Соның дәлелі ретінде, қытайдың «жеті тыйымын» мысалға келтірген.

«ZAKON.KZ және қос азаматтық туралы заңжобасы» - Закон.кз порталында (http://www.zakon.kz/4616658-integracionnaja-iniciativa-respubliki.html) «Интеграционная инициатива Республики Казахстан - двойное гражданство в Евразийском Союзе»   тақырыбымен жаңа заңжоба жарияланыпты. Әрине, бұл жобаның авторы Қазақстан еместігі айқын, жоба солтүстіктен шығып отыр. Болмаса билікті кеулеген іштегі ресейшіл күштер жақсы жұмыс істеуде.

SERKE.ORG. «Аңыз адвокат» «Аңыз адамға» қорған бола ма?» - Фашизмнің көсемі Адольф Гитлерді дәріптеген «Аңыз адам» журналының бас редакторына айыппұл салған сот процесі аяқталған соң,  былайғы жұрттың көңілінде бұл даудың нүктесі қойылғандай әсер қалды. Қате түсініктің жетегінде кеткендердің ішінде журналдың бас редакторы Жарылқап Қалыбайды «үлкен жеңісімен» құттықтаушылар да бар. Шындығында, жағдай әсте бұлай емес - Адольф Гитлерді дәріптеушілерге берілетін жаза әлі алда.

ALASHAINASY.KZ. «Тайчибеков қашанғы тайраңдайды?» - ҚР Конституциясының 20 бабының 3-ші тармағында: «Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді» деп жазылған. Соңғы кездері Ермек Тайчибеков атты қандасымыз осы Ата-Заңымызда көрсетілген «мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін» пікірлерді жиі айтып жүр. Бірақ, біздің қоғам өкілдері мен құзіретті органдар заңдық тұрғыда Тайчибеков сынды «мемлекет тұтастығын бұзғысы» келетіндерге неге тойтарыс бере алмай отыр.

«Қазақ энергетикасы қашан өзіндік брендке ие болады?» - Қазірде біздің қоғамда бұқараның қажеттілігін өтеуге келгенде ісін сырғақсытып жататын салалар аз емес. Сондай саланың бірі энергетика саласы екені даусыз. Сала бойынша жыл сайын тариф бағамының өсімі, тұтынушыларға көрсетілер қызметтің көңіл көншітпейтіні айта-айта жауыр болған тақырып.

«"Шымкентскийлер" субэтнос па? Неге оларды жек көреді?» - Шын мәнінде, өзге өңір тұрғындарының оңтүстік жұртын жақтырмайтыны дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. «Шымкенттен келін алма», «Шымкентке қыз берме» деп те жатады. Осы жұрттың шымкенттіктерден ала алмай жүрген қандай өші бар? Неге жек көреді екен?

JASQAZAQ.KZ. «Қазақстанда инвестициялардың жаңа толқыны күтілуде» - Жақын уақытта Қазақстан экономикасының инвестициялық бөлігіне жаңа серпін пайда болады. Өйткені шетелдік компаниялардың Қазақстандағы жобаларға деген ықыласы айрықша, деп хабарлайды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметінен.

14 мамыр 2014, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.