ALASHAINASY.KZ «Еуровидениеде: Нәжіске тамсану» - Сындырылмағаны – гендерлік ерекшелік еді. 44 елден келген қатысушылар ішінен жеңістің дәл Вурстқа берілгені - енді либерал қоғам адамның адам екенін көрсететін ақырғы ерекшелік – жынысын жоймаққа білекті сыбанып кіріскеніне сөзсіз дәлел.
«Украина шығысындағы референдумдарды кім, қалай қабылдайды?» - Кеше Украинаның шығысында өз алдына жеке кетуді мақсат ететін Донецк пен Луганскі облыстарында өткен референдум қортындысы бүгін жарияланбақшы.
«Қазақстанда әкімдіктердің жұмыс сапасы бойынша рейтингісі жасалды» - Агенттіктің мәліметінше, Астана мен Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарының әкімдіктері көшбасшылар бестігіне кірген.
AZATTYQ.ORG. «Сот Козловтың пәтерін тәркілеу шешімін өзгертпеді» - Алматыдағы Алмалы аудандық соты қамаудағы оппозициялық саясаткердің отбасы түсірген «жалғыз баспанасын тәркілемеу» туралы шағымын қанағаттандырмады. Шағымданушы жақ апелляцияға жүгінетінін айтады.
«Украинада “ережесіз” референдум қалай өтті?» - Шығыс Украинаның екі аймағында өткен референдумдарда процессуалдық тәртіп көп бұзылған. Алаяқтық туралы да деректер бар. Ал сепаратистер «референдум дұрыс өтті» дейді.
«Қытайлық компанияда кәсіподақ дауы шықты» - CNLC компаниясының Ақтаудағы филиалы жұмысшысы кәсіподақ ұйымын құрамын деп қудалау көргенін айтады. Мекеме басшылығы бұл дауға оның «еңбек тәртібі себеп болған» дейді.
AIKYN.KZ «Әкімшілік жауапкершілік күшейтілді» - Еліміздің заңнамасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласына қатысты өзгерістер жолдардағы жағдайды тұрақтандырып, жол-көлік оқиғалары мен олардан зардап шегетіндердің санын азайтады, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауатын арттыратын болады.
«Cпорт журналистері бір құрылымға бірікті» - Қазақстанның спорт журналистері федерациясының кеңесінде Қазақстанның спорт баспасөзі қауымдастығымен бірқұрылымға бірігу туралы шешім қабылданды.
SKIFNEWS.KZ «Банктерден береке қашып тұр» - Қазір жұртшылықтың көбі қаражатын негізінен банктегі есепшоттарында ұстағанды мақұл көреді.
ABAI.KZ. «Ресейге салынған жаңа санкциялар» - Канада билігі Ресейдің Украинадағы дағдарысқа алып келген әрекеттерін айыптап, 6 мамырда жариялаған санкцияларын кеңейте түсті.
SHYN.KZ «Үкіметке маза бермейік» - 9-мамыр мерекесіне орай еліміздің орыстар көп қоныстанған екі қаласы – Қызылжар мен Оралда ірі көлемдегі арандатушылық болды.
«Қазақстанға династия қажет» - Ол – іргедегі Ресей жағдайы, Қытай факторы, Қырғыз төңкерісшілдігі. Етегімізді қымтап, өзгеше жағдайға – жарақты күнге жете алмасақ та, байқампаз, қарақты шаққа жеткізді.