Атырау, 5 мамыр 07:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Полицейдің өлімі: қаде үстіндегі уәде

3 258 просмотра

5 мамырда Индербор поселкесінде өлі күйде табылған Исатай АІІБ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИННІҢ 7 күндік қадесі өтті(«Полицейдің өлімі: Мүрдехана алдындағы баспасөз конференциясы», «Полицейдің өлімі: Қылмыстық іс қозғалды»).

Қаде үстінде Құбайдуллиннің әкесі Қалыбай ҚАРАЖАНОВ ұлының өліміне кінәлілерді жазалауға қол жеткізетінін тағы да мәлімдеді. Ол үшін облыстық және Бас прокуратураға, сонымен қатар ҚР президенті аппаратына шағым жолдаған екен.

Құбайдуллиндер отбасының адвокаты Мақсот ТӨЛЕНБАЕВ хабарлағандай, қазір облыстық прокуратура ҚР ҚК-нің 311-бабы («Лауазымды тұлғаның пара алуы»), 102-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») және 346-бабының 1-тармағы («Көрiнеу заңсыз ұстау») бойынша қозғалған үш қылмыстық істің барлығын сұратыпты. Сонымен қатар, туыстары облыстық прокуратураға соңғы баптың 1-тармағын 3-тармаққа («Ауыр зардаптарға әкеп соққан көрiнеу заңсыз ұстау») қайта өзгертуді өтінген шағым жолдаған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 мамыр 2014, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.