AZATTYQ.ORG. «Соттан зәбір көргендер судьяға жақтасты» - Бұрынғы судья Өтемісова төрт жарым жылға сотталды.
«Өзбек әншісі «Каримовтың тоқпағына» қарсы шықты» - Әнші Озода Саидзода шығармашылығына тыйым салынған өнерпаздар тізіміне енсе де, Өзбекстанда әлі танымал.
«Украина мен Ресей Eurovision-да да қарсылас» - Eurovision ұйымдастырушылары "ән байқауының саясатқа қатысы жоқ" дейді. Бірақ жартылай финалға Украина мен Ресей шықса, «қақтығыс Копенгаген сахнасында жалғасады» дейтіндер бар.
TURKYSTAN.KZ «Тозақ жылдар 1931-33 жылдардағы ашаршылық екі жарым миллион қазақты опат етті» - Қазақ міллетінде Голощекиннің қолдан ұйымдастырған ашаршылығы 1931-32 жылдары қатты белең алды десек те, ол зұлматтың басы 1930 жылдың жазынан басталып, зардабы 1934 жылдың аяғына дейін созылған.
QAZAQUNI.KZ «Доллардың дауылы мен теңгенің дауасы» - Әлемдік экономикадағы тұрлауы жоқ нарықтың бағамына жіп байлай алмайтын аласапыран, аумалы-төкпелі тірліктің тепкісіне де бой үйрете бастадық.
«Жанат Момынқұлов: “Мәңгі одақ жоқ, мәңгілік ұлттық мүдде ғана бар!”» - Қазақстанда сарапшылар, экономистер мен мамандар арасында Еуразия одағы туралы тең, ашық және кәсіби пікірталастар жеткілікті дәрежеде жүргізілген жоқ.
«Тарихты таразылау – ардың ісі» - Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты жиырма кітаптан тұратын он томдық «Қазақстан тарихы» жобасын жан-жақты талқылады.
JASQAZAQ.KZ. «Маркестің жүз жылдық жалғыздығы» - Әлем әдебиетінде өз дәуірінің эстетикасын қалыптастырған үш алып – Хэмингуэй, Фолкнер, Маркес көгінің соңғы жұлдызы ағып түсті.
«Шекара ашылғанмен, шектеу азайған жоқ» - Еуразия экономикалық комиссиясының төрағасы Виктор Христенконың айтуынша, Еуразия экономикалық одағы (ЕЭО) жөніндегі келісімге 29 мамырда қол қойылады деп жоспарланып отыр.
SERKE.ORG. «Украина Ресейдің құрған қақпанына түсті» - «Украина дағдарысының ең басынан бастап Путин арнайы құрған торға Киев түседі деп сенетіндей жағдай болды.
«Әбілязовтың заңгері Украинаға антикоррупциялық заңнама жазбақшы» - Француз түрмесінде жатқан БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтың заңгері Елена Тищенконы Украинаның Президент әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама дайындау тобының жетекшілігіне тағайындады.
ALASHAINASY.KZ «1941-1945 жыл: Соғыс тарихын қайта қарайтын уақыт жеткен жоқ па?» - Дүние жүзі халқының 80 пайызы қан кешіп, 61 мемлекеті жұмылдырылған зұлмат соғыстың аяқталғанына 69 жыл уақыт өтті.
«Әскер бюджеті: бес қаруымыз сақадай сай ма?» - Қазірде қорғаныс саласында әскердің сан жағынан көптігінен гөрі сапасына мән беретін кезең жетті.
«"Түркістан легионының" түпкі мақсаты не еді?» - Түркістан легионы. Аңыз ба? Ақиқат па? Бұл туралы тың зерттеулер тарихтан тамыр тартқалы да біршама уақыт болды.