ALASHAINASY.KZ. «Украинадағы қақтығыстар шешімін таба ма?» - Украинада мемлекеттік күштік құрылымдар мен федерализацияны қалайтындар арасында әскери қақтығыс болып жатыр.
«Мұстафа Шоқайға қатысты шындық» - Қазақтың тұңғыш саяси эмигрантының туған жылы туралы әлі бірізділік жоқ. Неге?
«Қазақтың химиясы қиналып тұр» - Биылғы жыл «Отандық импорт алмастырғыш химия өндірісін мемлекеттік қолдау туралы» бағдарлама мәресіне жетпек.
«"Қазақстаннан кетемін" деп қыр көрсету қашан тиылады?..» - Бүгінде қазақ спортында үлкен бір дау туындап, спорт сүйер қауым арасында пікірталас туғызып тұр.
AZATTYQ.ORG. «Тарихшы: “Ашаршылықта геноцидтік сипат бар”» - Жергілікті тарихшы 1930 жылдары Қазақстанда болған ашаршылыққа саяси тұрғыдан да, академиялық зерттеу тұрғысынан да әділ баға берілген жоқ деп санайды.
«Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымынан үміт үзбейді» - Астана жыл соңына дейін ДСҰ-мен келіссөздерді аяқтауға ниетті. Бұған дейін Қазақстанға ДСҰ-ға кіруге Кедендік одақ келісімдері қиындық тудырып отырғаны айтылған еді.
«Штефан Фюле: “Путиннің бұдан да үлкен қателігіне жол бермеуіміз керек”» - Еуропа одағының өкілі Штефан Фюле Азаттыққа берген сұхбатында Кремль басшысының ешқандай ережеге мойынсұнғысы келмейтін саясатын сынады.
«Қазақстандағы аштыққа неміс тарихшысының көзқарасы» - Қазақстандағы ашаршылық туралы кітап жазған неміс тарихшысы Роберт Киндлер Азаттыққа берген сұхбатында «зардаптарына қарамастан, ашаршылықты геноцид деп есептемейтінін» айтты.
SKIFNEWS.KZ «Қошқарбаевтың ерлігі қаперге алынар емес» - Ту тіккен Қошқарбаев болса да хас батырдың қасына Булатовты қосып, ақыр аяғында Қызыл туды бір емес екі жауынгер қадағандай болып шыққан-ды.
«Көңілге қонбайтын «керемет уәде» - Біздегі шенеуніктердің әзірге мүлтіксіз болып тұрған бір қасиеті – уәде беруде алдына жан салмайды.
AIKYN.KZ «Бойтұмардай сақтайтын мереке» - Біздің бүгінгі ұрпақтың ежелгі ата-бабасы осы мекенімізге қоныс теуіпті. Тарихшылар Сақ, Скиф, Қыпшақ империяларының, Үйсін Күнбилігі мен Алтын Орданың әмірі оңтүстікте Үндістан, оңтүстік шығыста Қытай, батыста Еуропа жеріне дейін жеткен дейді.