Атырау, 24 қараша 11:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Swatch компаниясы Apple-дің iWatch брендін тартып алмақшы

1 333 просмотра
Apple өзіне тиесілі iWatch фирмалық тауар белгісін тіркей алмай әлекке түсіп отыр. Macdigger.Ru сайтының хабарлауынша, әлемге әйгілі сағат шығарушы Swatch компаниясы өзінің «iSwatch» маркасына ұқсайтындықтан, Apple-дің «iWatch» сауда маркасын нарықтан шығарып тастауға құлшына кіріскен көрінеді.

«Біздің ойымызша, бұл біздің тұтынушыларды әбден шатастырады. Apple бірнеше мемлекетте өзінің «iWatch» сауда маркасын тіркеуге талпынып отыр, біз бұған түбегейлі қарсымыз. Бұл компания алғаш рет 2012 жылы 3 желтоқсанда Ямайкада өз тауар белгісін тіркеген еді. Сонымен қатар, бірнеше мемлекетте (АҚШ, Италия, Швейцария, Австралия және т.б.) әртүрлі компаниялар iWatch элементін қамтитын тауар белгілерін өздерінің атына тіркеп те үлгерді.

Наурыз айында Swatch компаниясының бас директоры Ник Хайек америкалық бәсекелесінің болашағына күмәнмен қарайтынын жеткізген. Ол Швейцарияның Гренхен қаласында компанияның қаржысын қорытындылауға арнап өткізілген жыл сайынғы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде «iWatch-ты құрудағы негізгі қиындық дисплейінің көлемінде» - деген болатын.

Сонымен қатар, ол тұтынушылардың сағатты әсемдік бұйым ретінде сатып алатынын және оның моделін жиі өзгертіп отыратынын айтқан. Дәл осы жағынан алғанда, Apple бірқатар кедергілерге тап болары сөзсіз. Өйткені, компания шығарған гипотетикалық сағаттардың пішіні оның сыртқы бейнесін өзгерте алмайды деді.

Дереккөз: bnews.kz

 

5 мамыр 2014, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.