Атырау, 3 мамыр 01:37
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Ресей санкциялар құрсауынан шыға ала ма?». «Генерал Бағдат Майкеевтің ісі». «Донецк Жеңіс күнінен қауіптеніп отыр». «Әкімдердің қоры бақылауға алынады». «Қытайлар: қазақтар, сендер малсыңдар, иелерің жоқ!».

2 440 просмотра

ALASHAINASY.KZ.   «Ресей санкциялар құрсауынан шыға ала ма?» - Халықаралық саясат сахнасындағы қазіргі Ресей мен АҚШ текетіресі әлемдік экономикалық шаруашылықты түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін екен.

AZATTYQ.ORG.    «Генерал Бағдат Майкеевтің ісі» - Жуырда Алматы қаласында қорғаныс министрінің орынбасары Бағдат Майкеев ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтеді. Өзін жемқорлықпен бітіспес күрескер ретінде санайтын генералға «пара алды» деген айып тағылған.

«Розлана Таукина: Қазақстанда тәуелсіз баспасөз тапшылығы туды» - 3 мамыр – дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні. Құқық қорғаушы «Қазақстанда оппозициялық және тәуелсіз БАҚ күрт азайып кетті» деп мәлімдейді.

«Иранда Роуханиді қаралайтын фильм шықты» - Иран президенті Хассан Роухани туралы жаңа деректі фильмде ол сатқын, өзгенің ығына жығылғыш саясаткер ретінде суреттеледі. Бұдан соң "Фильм фактілерге негізделген бе, әлде өтірік пе?" деген сауал туды.

«Донецк Жеңіс күнінен қауіптеніп отыр» - Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы Женева келісімінің орындалмай жатқаны Донецкіде айқын көрінеді. Қаладағы жағдай шиеленісіп барады.

AIKYN.KZ   «Әкімдердің қоры бақылауға алынады» - Әкімдердің қаптатып құрып алған қорларына миллиардтаған теңге қаржы құйылып жатыр. Бірақ депутаттардың айтуынша, олар жергілікті ауыл-қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға жұмсалып жатқан жоқ.

«Төбеде болатын тосын оқиғалар» - 2014 жылдың 8 наурызында Малайзиядан ұшып шыққан ұшақтан әлі хабар-ошар жоқ. Қайда кеткені белгісіз, әркім әртүрлі болжам айтады. Бірақ өкінішке қарай, ешқайсысы да шындыққа сәйкес келмей отыр.

«Малахов шоуының шындығы қайсы?!» - Телеиндустрия саласындағы қайсыбір жанр, алдымен АҚШ-та пайда болады. АҚШ-тан Ресей үйренеді, біз Ресейге иек артамыз.

ABAI.KZ.    «Қытайлар: қазақтар, сендер малсыңдар, иелерің жоқ!» - Үрімжі қаласының маңындағы Дабанчың районы сондай ауданның бірі. Сол ауданда Тиянь-шан шаруа қожалығына қарасты 1 ауылда малшылардың «Машинақұдық» деп аталатын көктеулігі бар. Кеше ғана сол Көктеулікте бүкіл елді шулатқан қанды оқиға болды.

MAIDAN.KZ   «Дос Көшім: “Фашистерге «аңыз адам» таптырмас құрал болды”» - Қазақтың ұлтшылдарына фашистік тұрпат беру ол баяғыдан келе жатқан мәселе еді.

«Янукович 100 млрд. АҚШ долларын ұрлады» - Бас прокурордың сөзіне қарағанда, Украинаның қашып жүрген бұрынғы президенті Виктор Янукович бұл 100 млрд. доллардың белгілі бір мөлшерін  Еуропа банктеріне салса, оның 32 млрд. АҚШ долларын жүк машинасына тиеп, Ресейге апарған.

«Президенттің ұсынысын Ресей қолдай ма?» - Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Белоруссияның астанасы Минскіде Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерінің қатысуымен өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты.

«Балташ Тұрсымбаев: “Коррупция жайлаған көп ел ыдырап, құрып кеткен”» - Шымкенттегі «Хабиби» дәмханасында«Ел билігін халыққа қайтару»тақырыбында үлкен басқосу болып өтті.

QAMSHY.KZ  «Жат елдегі жаутаңкөздер» - «Қазақстан» ұлттық арнасында көрермендер тарапынан зор қызығушылық тудырып, кейіпкерлері ешкімді бейжай қалдырмаған бағдарламаның бірі «Шетелдегі қазақ балалары» деп аталады.

4 мамыр 2014, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.