Атырау, 27 қараша 03:13
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

134 миллиард теңге өндірілсін!

2 329 просмотра

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Қашағандағы газ құбырынан газ кету оқиғаларынан кейін экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру нәтижелері бойынша 134 млрд теңге зиянды өтеу туралы облыстық экология департаментінің ұйғарымына қатысты «Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» компанияларының берген шағымы бойынша сот тыңдауы аяқталды.

«2014 жылдың 29 сәуірінде сот НКОК пен Аджип компанияларының талаптарын қанағаттандырудан бас тартты, ал шағым жасалған Атырау облыстық экология департаментінің актілері өз күшінде қалды», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Шағым берушілер экономикалық соттың шешімін жоғарғы сот сатысына шағымданбақ.

Естеріңізге салсақ, D аралынан (Қашаған) «Болашақ» зауытына дейін жүргізілген газ құбырында бірнеше мәрте газ кету нәтижесінде зауыттың алау қондырғысында 2,8 млн текшедей қышқыл (шикі) газ өртелген. NCOC-тың соңғы мәліметтері бойынша, газ құбыры мен мұнай құбыры толықтай ауыстырылмақ.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

30 сәуір 2014, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.