Атырау, 19 маусым 15:37
 дождьВ Атырау +33.3
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63

​Монғолия Қазақстан мұнайын импорттауды талқылауда

100 рет қаралды

Монғолия Қазақстаннан мұнай сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.

Gazeta N1 басылымының «Монцамэ» порталына сілтеме жасап хабарлауынша, елдің өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Гонгорын Дамдинням Қазақстан делегациясын қабылдады. Делегацияны сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанова бастап барды.

Кездесуде тараптар мұнай саласындағы ынтымақтастық, атом энергетикасы және геология мәселелерін талқылады. Ерекше назар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мұнай секторындағы өзара түсіністік туралы меморандумға аударылды. Құжат Моңғолияға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу мүмкіндіктерін зерттеуді көздейді.

Әлемдік нарықтағы жеткізілімдердегі қиындықтарға байланысты Моңғолия энергетикалық стратегиясын әртараптандыруға ұмтылуда. Жаңа бағыттардың бірі – Қазақстан мұнайын болашақ мұнай өңдеу зауытына жеткізу. Осы мақсатта тараптар бірлескен жұмыс тобын құруға уағдаласты. Қазақстандық тарап Моңғолиядағы тау-кен саласындағы инвестициялық жобалар туралы ақпарат алуға қызығушылық білдірді.

Моңғолия теңізге шыға алмайтын ел болғандықтан, тұрақты жеткізілімдерге тәуелді. Сондықтан жеткізушілер санын арттыру энергетикалық қауіпсіздікті күшейтудің жолы ретінде қарастырылуда.

Бұл талқылаулар елде салынып жатқан алғашқы мұнай өңдеу зауытымен байланысты. Жоба 2018 жылдан бері Алтанширээ сомонында жүзеге асырылуда. Зауыттың қуаты жылына 1,5 млн тонна мұнайды құрайды, құны шамамен 2 млрд доллар деп бағаланған. Қаржыландыруды Үндістан үкіметінің жеңілдетілген несиесі қамтамасыз етуде. Жобаны Engineers India Ltd және Megha Engineering and Infrastructure Limited сияқты үнді компаниялары іске асыруда.

2025 жылдың ақпанында «Монгольский нефтеперерабатывающий завод» мемлекеттік кәсіпорны MEIL компаниясымен EPC-04 пакеті бойынша келісімшартқа қол қойды. Барлығы 12 технологиялық қондырғы салынбақ, оның жеті қондырғысы терең өңдеуге арналған. Құрылыс 36–38 айға жоспарланған.

Қазіргі уақытта жобада Моңғолия, Үндістан, Қытай, Италия, Франция, АҚШ, Канада, Нидерланд және Испаниядан келген 1000-нан астам инженер мен маман жұмыс істеп жатыр. Зауыт іске қосылған соң жылына 300 мың тонна бензин және 800 мың тонна дизель отыны өндірілмек. Бұл елдің ішкі тұтынуының шамамен 55 пайызын жабады. Іске қосу 2028 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, Моңғолия өз мұнай базасын кеңейтуге де ұмтылуда. Ақпан айында билік қытайлық Sinopec компаниясына жаңа геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Sinopec 2001 жылдан бері елде жұмыс істеп, Зуунбаян кенішінде мұнай өндірумен айналысып келеді. 2024 жылдың соңына дейін бұл кеніштен 1 млн тонна мұнай өндіріліп, экспортталған. Мемлекеттік бюджетке түскен кіріс 184 млн долларды құрады.

Осылайша, Қазақстаннан мұнай жеткізу мүмкіндігі Моңғолияның кең ауқымды стратегиясының бөлігіне айналуы ықтимал: ел бір мезгілде өз мұнай өңдеу зауытын салып, ішкі өндірісті арттыруға және сыртқы жеткізушілерді тартуға күш салуда.

Бүгін, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.