Атырау, 19 маусым 15:37
 дождьВ Атырау +33.3
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63

Атырауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы ауысты

152 рет қаралды

Атырау қалалық әкімдігінде жаңа тағайындау орын алды. 

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметіне Қамзаев Жаслан Нухиденұлы бекітілді.

1982 жылы Атырауда дүниеге келген Жаслан Қамзаев 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін тәмамдап, бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі мамандығын алды. 

Кейін 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтында радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін иеленді.

2025 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде құқықтану мамандығы бойынша тағы бір бакалавр дәрежесін қорғады.

Еңбек жолын 2005 жылы ішкі істер органдарында бастаған ол 2009–2011 жылдары «Каспиймұнайгаз» ЖШС-де техник әрі инженер болып қызмет атқарды.

2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметке қабылданып, облыс әкімі аппаратында еңбек етті. 

2014–2023 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман, қалалық білім бөлімінің басшы орынбасары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшы орынбасары болды.

2025 жылдан бері осы бөлімнің энергетика және байланыс секторының меңгерушісі қызметін атқарып келген Жаслан Қамзаев енді бөлім басшысы ретінде жұмысын жалғастырады.

Бүгін, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.