Атырау, 19 маусым 15:04
 дождьВ Атырау +33.3
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63

Трамп әскери өкілеттігіне шектеу жоқ екенін айтты

103 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамп Axios порталына берген сұхбатында Иранмен болған соғыстан кейін өзінің әскери күш қолдану өкілеттігіне ешқандай шектеу қойылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды АА. 

Ол АҚШ-тың Иранға толық әскери жеңіліс келтіргенін айтып, америкалық армияны әлемдегі ең қуатты күш деп атады.

Трамптың сөзінше, АҚШ-тың теңіз блокадасы нәтижесінде бірде-бір кеме бұғаздан өте алмаған. Сондай-ақ ол АҚШ пен Иран арасындағы меморандумды Тегеранның «шартсыз капитуляциясы» ретінде бағалады.

Бұл мәлімдемелерге қарамастан, АҚШ Конгресіндегі демократтар мен кейбір республикашылдар президенттің әскери әрекеттерге қатысты шешім қабылдауда Конгресстің мақұлдауынсыз әрекет етуге құқығы жоқ екенін бұрыннан айтып келеді.

Бүгін, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.