Атырау, 3 мамыр 01:51
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

"Қазақтан шыққан алғашқы скрипкашы Түркияда тұрады". "Қытайда қазақ спортшыларына сұраныс жоғары". "Ғарышқа салынған санкция Байқоңырға қалай әсер етеді?". "Американы ашқан мұсылмандар ма?".

1 856 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Назарбаевтың дәрісі әлеуметтік желіде дауға себеп болды» - Қазақстан президентінің Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде 28 сәуірде оқыған дәрісін сынаушылар да, қолдаушылар да табылды.

«Жол жүрісі туралы жаңа заң күшіне енді» - Көлік жүргізушілер 30 сәуірден бастап күшіне енген «Жол жүрісі туралы» заңдағы кей өзгерістерге наразы. Бірақ құжатты дайындаған депутат «бұл заңсыз әрекеттердің азаюына сеп болады» дейді.

«Украинада «Колорадо қоңызы» қайдан жүр?» - Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер Георгий лентасын тағып жүр. Бұл белгілеріне бола оларды келеке етіп, қоңызға теңейтіндер де бар.

BNEWS.KZ. «Қазақтан шыққан алғашқы скрипкашы Түркияда тұрады» - Тоқсанды алқымдаған Ғалымжан қарт Ұлы Отан соғысы есімін ғана емес, өмірін түбегейлі өзгерткен. Оны қазір түрік елінде Әлім Алмат деп біледі.

ALASHAINASY.KZ. «Ғарышқа салынған санкция Байқоңырға қалай әсер етеді?» - Қырымдағы жағдайдан кейін әлем алпауыттары жиі мүйіздесетін болды. Содан болар, АҚШ тарапы Ресей елімен іскерлік байланыс орнатқан бірқатар бизнес нысандары мен түрлі саладағы мемлекеттік құрылымдарға шектеу қойып жатыр. Осы арқылы АҚШ бәсекелесінің бүйірінен қыса түспек.

JASQAZAQ.KZ. «Қытайда қазақ спортшыларына сұраныс жоғары» - Астана төрінде 19 мемлекеттің 300-ден аса білекті палуандарының басын қосып, күрес түрлерінен жалауын желбіреткен Азия чемпионаты аяқталды. Шығыстың небір азулы спортшылары жиналған байрақты бәсекеде Қазақстан балуандары грек-рим күресінен жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болып, жалпы саны 14 жүлдеге қол жеткізді.

MUSLIM.KZ. «Американы ашқан мұсылмандар ма?» - Соңғы жылдары кейбір ғалымдарымыз Америка құрлығын мекен ететін үндістерді Азия құрлығынан барған, тіпті түркі тілдес халықтармен жақындығы бар деген болжам айтып жүр. Тілдік ұқсастықтарын да табуда. Мәселен, осы бағытта көп тер төгіп жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов «Азия-Берингия-Америка немесе америкалық «үндістердің» азиялық тегі» (2003) және «Азия-Берингия-Америка или азиатское происхождение американских «индейцев» (2006) атты кітаптарында үндістердің шыққан отаны - Алтай аймағы болуы мүмкін екендігін айтады.

30 сәуір 2014, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.