Атырау, 3 мамыр 07:34
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Украинадағы елеусіз сайлау кампаниясы». «Ресейге қарсы АҚШ санкциясы мұнай мен газға қол созды». «Жарылқап Қалыбай: “Мені бүгін қаралағандар ертең ұялатын болады”». «Божко тағы құтылды». «Еліміздің астығы қайда жіберіледі?».

2 445 просмотра

AZATTYQ.ORG.    «Обама: Ресейге жаңа санкциялар салынады» - АҚШ президенті Барак Обама Ресейдің Украинадағы дағдарысты реттеуге қатысты халықаралық келісімді орындамай отырғаны үшін салынатын жаңа санкциялары 28 сәуір күні жарияланатынын мәлімдеді.

«Украинадағы елеусіз сайлау кампаниясы» - Украинада президент сайлауына бір ай уақыт қалды. Бірақ ел астанасынан үлкен науқанның ешқандай белгісін көре алмайсыз.

ALASHAINASY.KZ.   «Ресейге қарсы АҚШ санкциясы мұнай мен газға қол созды» - Бүгін АҚШ Ресейге қарсы кезекті санкция жарияламақшы. Ақ үйден шыққан ақпаратқа сенсек, бұл жолғысы шикізат секторын қамтитын көрінеді.

«Балаға ақыл айтудан қорқатын болдық...» - Қоғамдық көлікке мініп, жан-жағыңызға бажайлап қараңызшы. Кешкісін жұмыстан жүйкелеп шаршап шыққан жұрт, қабағы қатулы қария, бұ дүниенің күйбең тіршілігін бір сәт те болса ұмытуға тырысып, терезеден сыртқа көз салған көңілсіз келіншек, құлағына тығын тығып, әулекі әуенге ден қойған бозбала мен бойжеткен...

«Ұлтшылдық – ұлттың идеологиясы» - ...Бізге қандай ұлтшылдықтың қажет екендігі туралы әңгіме қозғамас бұрын ұлтшылдық туралы өзімнің көқарасымды білдіре кеткім келеді.

«Алтынды тани білесіз бе...» - Құнды металға деген құмарлық бағзы замандардан бері үзілмей келеді.

QAZAQUNI.KZ    «Жарылқап Қалыбай: “Мені бүгін қаралағандар ертең ұялатын болады”» - «Фашизмнің жойылуына үлес қосқан ардагерлердің алдында басымды иемін, олардың ерлігін дәріптеу – менің перзенттік парызым!»

JASQAZAQ.KZ.    «Божко тағы құтылды» - 21 сәуірде Көкпекті трагедиясына тура 20 күн толды. Үш апта тексеріс жүргізген комиссияның алдын ала қорытындыларын тыңдау үшін  апатты ауылға еліміздің бас құтқарушысы Владимир Божко тағы ат басын тіреді.

SKIFNEWS.KZ   «Бұл – донорлық емес, бұл – “бизнес”!» - Ғаламтор сайттарын ақтарып отырып, қалай жарнама сайтына кіріп кеткенімді байқамай қалыппын.

ULT.KZ    «Атасыз өскеніме кім кінәлі?» - Тарихқа үңілсек, бұдан дәл 70 жыл бұрын, 1944 жылдың сәуірінде Қырым үшін қырғын соғыс жүріп жатты...

«Үшінші вектор, немесе жаңа әлемдік геосаясаттағы Қытайдың орны» - Украина төңірегіндегі оқиғалар әлемдік геосаясатты қайтадан қосвекторлыққа алып келгендей көрінген. Дегенмен қарқынды дамып келе жатқан елдер, олардың ішінде, сөзсіз, Қытай әлі өз сөзін айтқан жоқ.

QAMSHY.KZ   «”Құнанбай” түсіру алаңына жол тартты» - Абайдың әкесі Құнанбай туралы көркем фильм түсіруге дайындық басталып та кетті.

AIKYN.KZ   «Еліміздің астығы қайда жіберіледі?» - Қазақстандық агроөндірісшілер өткен жылы Кедендік одақ елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын екі еседен астам арттырған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков министрлік жанындағы Іскерлік кеңесінің отырысында хабарлады.

29 сәуір 2014, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.