Атырау, 3 мамыр 03:06
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Ресейдің жұмбақ медалі». «Банктер «бәсекелестікке төтеп беру үшін» бірігеді». «”Мәңгілік көмекші” кімге қызмет-қайыр қылады?». «Қазақстан мен Қырымды салыстыруға болмайды». «”Аңыз Автомобиль”. Жарылқап Қалыбайдың қулығы».

2 001 просмотра

AZATTYQ.ORG.    «Ресейдің жұмбақ медалі» - Ресей қорғаныс министрлігінің «Қырымды қайтарғаны үшін» медалі назар аудара қоятын дүние емес. Бірақ оған жазылған сөз түрлі сауал тудырды.

«Банктер «бәсекелестікке төтеп беру үшін» бірігеді» - Қазақстан ұлттық банкі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы жобасын ұсынды. Еуразия экономикалық одағы келісім-шартына қол қоймас бұрын Қазақстанда банктерді ірілендіруі мүмкін.

«Белсенділер Кремльдің ісіне қарай әрекет етеді» - Ресей осы аптада интернет пайдаланушылардың еркіндігін шектейтін шаралар қабылдады. Ал белсенділер «бұл ойында биліктен бір қадам алда жүруіміз керек» дейді.

ALASHAINASY.KZ.   «Жын-ойнақ: сағаттық және тәулiктiк пәтерлердi жалдауға тосқауыл бар ма?» - «Жалдамалы» сөзiнiң өзi аты айтып тұрғандай жеке басыбайлы мүлкiң емес, қысқа не ұзақ мерзiмдi жалға алу ғана.

«Вундеркинд бала қоғамның бағы ма, соры ма?» - Бұл мәселе жуық арада шешімін табатынға ұқсамайды. Еліміз вундеркиндтер тасқынының астында қалып отырған жоқ.

«Киносценаристер орысша ойлап, қазақша жазады» - Мамандардың айтуынша, сауатты сценарий драматургиядан басталады.

«Ұлттық киім "оборотта" жүр...» - Бүгінде той томалақта болсын, мерейтойларда  болсын, зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып жатса да жарыса шапан кигізу сәнге айналды.

ABAI.KZ.    «Қазақ "қарызға өмір сүріп жатыр"» - Қарыз алу бүгінгі өмірдің ажырамас заңдылығы. Досыңнан, танысыңнан, туысыңнан немесе банктен қарыз алу көпшілігімізде кездеседі.

SERKE.ORG.   «”Аңыз Автомобиль”. Жарылқап Қалыбайдың қулығы» -  «Аңыз адам» төңірегінде дау тұтанғанда-ақ, күрделі жағдайды шынайы бағалай алатын сарапшылар басылымды қорғаудың басты стратегиясы ретінде «Сөз бостандығы, цензура мәселесі» жобасын ұсынған. Қорғану үшін қандай заңдарға, қандай ұйымдарға арқа сүйеу керектігі туралы да айтылды.

MAIDAN.KZ   «”Мәңгілік көмекші” кімге қызмет-қайыр қылады?» - Иә, Назарбаевтың сеніміне кіру – кез келген шенеунікке бұйыра бермейтін бақ.

QAZAQUNI.KZ  «Қазақстан мен Қырымды салыстыруға болмайды» - Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресейлік кейбір саясаткерлердің Қазақстанның территориялық тұтастығына қатысты айтқан пікірлері үшін ұялатынын айтты.

28 сәуір 2014, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.