Атырау, 5 мамыр 01:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

АІІБ бастығының өлі денесі табылды

4 326 просмотра

Полицейді ұстап жатқан жерінен түсірілген бейнежазбаның скриншоты. Қаржы полициясының жедел түсірілімі.Полицейді ұстап жатқан жерінен түсірілген бейнежазбаның скриншоты. Қаржы полициясының жедел түсірілімі.Исатай АІІБ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИННЫҢ ұсталғаннан кейін ауруханадан қашып кету оқиғасы күтпеген жерден қайғылы аяқталды. 

Бейресми дереккөздер «АЖ»-ға хабарлағандай, бүгін, 27 сәуірде тапатал түсте Гурьевский көшесіндегі салынып жатқан нысандардың бірінен (облыстық кәсіподақтар үйі маңында) 32 жастағы полиция майоры Алтынбек Құбайдуллин есімді ер адамның өлі денесі табылған.

Алдын ала жорамал - жіптің көмегімен өз-өзіне қол салған болуы мүмкін. Полицейдің аяқ астынан болған өлімі көптеген алыпқашпа әңгімелерді туғызып отыр. Біреулер оны әлдекімдер асып өлтірген десе, енді біреулер оған оқ атқан деген қауесет бар. Ал анық-қанығы сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.

Естеріңізге салайық, Исатай АІІБ бастығын қаржы полициясы браконьерлерді қамқорлады деген күдікпен Атырау қаласында 250 мың теңге пара алу кезінде 3 келі қара уылдырықпен бірге ұстаған болатын («Ұсталған АІІБ бастығы ауруханадан қашып кетті», «Қаржы полициясы растайды: "Ауруханадан қашып кетті"»).

Басқа АІІБ-не тағайындалғанға дейін полицейдің бұрын жұмыс істеген Индербор кентінде отбасы - әке-шешесі, әйелі және үш кішкентай баласы қалған болатын. 

Азамат МАЙТАНОВ

27 сәуір 2014, 19:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.