Атырау, 27 сәуір 07:29
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ұсталған АІІБ бастығы ауруханадан қашып кетті (толықтырылды, ВИДЕО)

6 825 просмотра

Исатай АІІБ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИНДІ кеше, 21 сәуірде Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері ұстады. 

«АЖ»-ның бейресми дереккөзі полицей бастығын қара уылдырықты сақтағаны үшін және браконьерлерге қамқорлық жасағаны үшін ұстағандығын хабарлады. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.  

Исатай ауданы браконьерлері көп өңір және олардың құқыққорғау органдарының ішіндегі «көкелерінің» арасында өзара келіспеушіліктер жиі орын алады. Толыққанды ақпаратты кейінірек беруге уәде еткен жергілікті қаржы полициясы тек АІІБ бастығының ұсталғандығы туралы фактіні растады. 

Баспасөз хабарламасынан: 21 сәуірде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері ІІД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірігіп, «Исатай аудандық АІІБ бастығы азамат Қ.-ны азамат Н-дан жалпы қамқорлығы және бекіре тұқымдас балықтарды аулау кезінде әрекет жасамауы үшін пара (250 мың теңге және3 келі қара уылдырық) алу кезінде ұстады». Сол күні АІІБ бастығына қатысты ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-тармағы («Лауазымды тұлғаның пара алуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жергілікті қаржы полициясы Құбайдуллиннің қамаққа алынғаны немесе ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылғаны жөнінде айтудан бас тартты. Ал бізге бейресми дереккөздерден белгілі болғандай, Құбайдуллинді ұстағаннан кейін ол өзін нашар сезініп, медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған, бірақ келесі күні (қаржы полициясының екі қызметкерінің күзетіп тұрғанына қарамастан) қашып кеткен және қазір іздеуде жүр.

Бүгін, 23 сәуір күні түсте біздің тілшіміз ЭСЖҚД офицері мен Атырау қаласының ІІБ-нің екі қызметкері арасындағы әңгіменің куәсі болды. Олар қаржы полициясына Құбайдуллиннің туыстарының із-түссіз жоғалып кетуіне байланысты жазылған арызбен және АІІБ бастығын ауруханада күзеткен қызметкерлердің байланыс деректерін сұрап келген.

Азамат МАЙТАНОВ

 

22 сәуір 2014, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.