AZATTYQ.ORG. «Қырымды Украинаға қоғамдық ұйымдар қайтарады» - Қырымда тәуелсіз қоғамдық ұйымдардың жұмысына қауіп төндіретін Ресей заңдары күшіне енді. Ал түбектегі еуропашыл белсенділер бірігуге әзір екендерін айтады.
«Журналиске қастандық жасауға «тапсырыс беруші» 14 жылға сотталды» - Орал қаласында тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедьяровқа қастандық жасауға қатысты іс бойынша тағы бір үкім шықты. Жәбірленуші істі қосымша тергеуге жіберуді сұрайды.
«Жабылған оппозициялық газеттер Майданды меңзейді» - Жабылып жатқан оппозициялық газеттердің журналистері Украинадағы дағдарысқа байланысты Қазақстанда сөз бостандығы ахуалы бұдан әрі шиеленіседі деп болжайды.
ALASHAINASY.KZ. «Ауыл қашанғы эксперимент құралы болмақ?» - Осыдан біраз уақыт бұрын «агро-ғылымды реформалау» идеясы бас көтергенде, «әй осы ауыл шаруашылығы енді бір еңсе тіктер» деп үміттенгенбіз.
ABAI.KZ. «АҚШ сыртқы саясатының «ақсақалы» - Генри Киссинджер» - Әлем тарихында мемлекет басшысының көмекшісі болып-ақ, атап айтқанда, оның саяси саладағы кеңесшісі немесе уәзірі (министр) болып, өз мемлекетіне орасан зор еңбек сіңірген қайраткерлер аз емес.
«Алдан Смайыл: қымыз бен шұбат туралы заң қажет» - Ұрпақ салауаттылығы үшін бізге арақ-шараптан гөрі қымыз бен шұбат туралы заң керек.
JASQAZAQ.KZ. «Арандату» - Айдай ару үш ұйықтаса да, көңіл айнытар қытай кеспесі аңқыған, ащы саңырауқұлақтың исі танауды жаратын мына тас бөлмеге қамаламын деп еш ойламаған шығар. Қызғалдақтай құлпырып тұрған шағында бұлай сорлап қаламын деп қыз жүрегі де секем алмады, сірә!
«Көзәйнек киетін бала көп...» - Арада жанарды жасытып қаншама жылдар өтті. Бір кезде қиядағыны көзі шалатын қыран жанарлы қариялардың бүгінгі ұрпағы көзіне көзәйнек кие бастады. Он, жүз емес, мыңдап.
SKIFNEWS.KZ «Қандастар мұнай үшін келе ме?» - Қазақ елінің болашағын бізден гөрі шеттегі қандастарымыз көбірек ойлайтын сияқты.
«Жыраулар бар... жыр қайда?» - Бүгінде батырлар жырын кітаптан оқып ұқпасақ, бұрынғы дала қазақтары құсап жыраулардың жырын тыңдап өсетін жағдайда емеспіз.
«Ғалымдарымыз көп. ал, ғылымыз...» - Кез келген мемлекет ғылым саласын дамытуға мүдделі.
ULT.KZ «Әміржан Қосанов. Слесарьдың интеллигенттігі мен қазақ жазушыларының билікке бейімшілдігі» - Қазақтың ой және шығармашылық жұмысымен айналысатын интеллигенттерінің беделі қоғамымызда неге төмен?
«Латвияда қазақ батырының сүйегі табылды» - Сүйекпен бірге топырақтың астынан алюминий тарақ шыққан, онда «11.06.1944, Нұрсейітов Қасым» деп жазылыпты.
QAMSHY.KZ «Украина ұлттық мүддені сақтау керектігін көрсетті» - Украина мәселесінің әлі күнге дейін қызуы басылар емес.