AZATTYQ.ORG. «Қазақстанның әуе нарығы ЕЭО-дан қауіптеніп отыр» - Жергілікті саясаткерлер мен сарапшылар «Кеден Одағына мүше елдердің авиация нарығы біріккен жағдайда Қазақстан әуе компаниялары ұтылады» деп есептейді.
«Шегінерге жол жоқ» - АҚШ вице-президентінің Мәскеуді жазғыруы Шығыс Еуропада НАТО жаттығуларын өткізу туралы Пентагон мәлімдемелерімен тұспа-тұс келді.
«Молдоваға «тартысты күндер» таяп келеді» - Молдованың Еуропамен жақындасу саясатынан нәтиже шыға бастады. Дегенмен шағын ел ЕО-ға ұмтылған сайын ресейшіл күштер оны Ресей қолтығына сүйреп әуре.
ALASHAINASY.KZ. «Жарнамалық газет Қазақстанды Ресейге қосып жіберді» -Алматы облысының Талғар ауданында жарық көретін орыстілді «Талғарбазар» жарнамалық басылымы қазақ мемлекетінің тұтастығына қауіп төндіретін мақала жариялаған, - деп хабарлайды.
TURKYSTAN.KZ. «Сарғайған парақтар сөйлесе: қағазда бар, өмiрде жоқ» - Шын мәнiнде, мемлекеттiк тiлдi бiлу – әрi мiндет, әрi парыз болуы керек.
ZHEBE.COM «Александар Клебанов кімнің "қызметшісі"?» - Соңғы кездері бірқатар ақпарат құралдары қазақстандық байлардың бірі Александр Клебанов туралы жиі-жиі жазатын болып жүр.
SHYN.KZ «Гитлер, Путин һәм Жарылқап» - Қазақтың «Сөзді қуса дау шығады, сиырды қуса боқ шығады» деген мақалы бүгін маңызды, яғни актуальный болып тұр.
QAZAQUNI.KZ «Есуастықтың исі аңқиды» – Қырымға қатысты сау орыстың көзқарасы.
«Қазақстандықтың шағымымен Жириновскийге қатысты тексеру жүргізіледі» - Екі айдан соң заңгерге “шағымыңыз тергеуалды тексеру жүргізу үшін Ресейдің Тергеу комитетіне жолданды” делінген жауап келді.
«Түркі әлемі мақтан тұтқан алып тұлға» - Бірде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, ғасырда біртуар ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев: «Соңғы кезде «тоқырау» деген сөз жиі айтыла бастады.