ALASHAINASY.KZ. «Географиялық бөліну тұтастығымызға қауіп төндірмей ме?» - Соңғы уақытта Қазақстанның біртұтастығына қауіп төндіретін пікірлер көбейіп барады.
«Біздің шенеуніктер Маттеодан мәрттікті неге үйренбейді?» - Шенеуніктердің шетелдік қымбат көлік алулары сиреді деген Қаржы министрлігінің бұрнағы жылғы мәлімдеуі - асығыстық болған секілді.
«АҚШ-тың Қазақстаннан үйренері көп» - Осыдан 25 жыл бұрын елімізде қазақ жеріндегі ядролық сынақтардың зардаптарын жоюды мақсат еткен «Невада-Семей» қозғалысы құрылған болатын.
«Мектеп оқушылары шоқынып кетпесе игі...» - Оралдағы бастауыш сынып оқушылары «бір жыныстағылар махаббаты» туралы ертегі оқып жатыр дегенді естіген кезде жағамызды ұстадық.
AIKYN.KZ «Сталин Еуропаны жаулап алмақ болды ма?» - Мамырдың 9 күні бұрынғы Кеңестік империяның жұртында отырған халық фашистік Германияны тізе бүктіруінің 69 жыл толғанын атап өтеді. Кеңестік елдің тілімен айтқанда – Ұлы жеңіс. Ұлы мереке.
«Табысыңызды жариялауға дайынсыз ба?» - 2015 жылға қарай Қазақстанда жалпы халықтық табыс декларациясын жариялау науқаны басталады.
AZATTYQ.ORG. «Түрмедегі қысым туралы шағымды тексерту қиын» - Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Петропавл түрмесін тексергенін хабарлаған кезде туыстары құқық қорғаушы Курамшиннің «қамауда соққыға жығылғанын» мәлім етті.
«Ресей банктерінің Қазақстанда позициясы күшейді» - Жергілікті банк жүйесі әлсіреген тұста Қазақстанды біртіндеп Ресей банктері жайлап барады. Бұл Қазақстанның қаржы секторында Ресей ықпалы күшейгенін білдіре ме?
«Ресми БАҚ Еуразия Одағын дәріптеуді күшейтті» - Сәуірдің 15-інде Қазақстан, Беларусь және Ресей премьерлері Мәскеуде Еуразия Одағы келісімінің жобасын талқылады. Келісімге қол қояр сәт жақындаған сайын қолдаушылар мен қарсылар да көбейді.
TURKYSTAN.KZ. «Оқулық көп, олқылықтары тіпті көп» - Қазіргі оқулықтардың тілі мектеп оқушысы түгілі, ересек адамдардың өзін шатастырады.
QAZAQUNI.KZ «Дос Көшім: “Беті ашылған” Ресей жан-жағындағыларды “жей” бастады» - Бұл қақтығыстың соңы неге апаруы мүмкін? Және Ресейдің “№1″-ші одақтасы - Қазақстанға, яғни біздің елге қандай әсері болмақ?
ABAI.KZ. «Саясилануға жол жоқ» - Еуразиялық экономикалық одақ. Әлдекімдердің ерініп, бәлки, білмей жазып жүргеніндей Еуразиялық одақ емес. Үш тараптың да ресми билігі бұл одақтың ешқандай саяси бояуы жоқ екенін тоқтаусыз түсіндіріп келеді.
SKIFNEWS.KZ «Түріктің қаңсығы – қазақтың таңсығы» - Осы жерде «бала – Қазақстандікі, мұғалім – Қазақстандікі, оқу бағдарламасы – Қазақстандікі, айдаладағы Түркияның, нақтысы Гүленнің басы неге ауырып жүр?» деген орынды сұрақ туады.
ULT.KZ «ДСҰ, Кеден Одағы және бәсеке» - Кез келген экономикалық ұйымның мақсаты біреу ғана – ортақ нарық жасау.
ZHEBE.COM «Бірі «жау» санайды, екіншісі «дос» тұтады» - Түркиядағы жергілікті сайлаулардан кейін саясаттағы позициясын әжептәуір күшейтіп алған Режеп Тайып Ердоған түрік ойшылы Фетхуллах Гүленді қаралауын тоқтатар емес.