Атырау, 20 маусым 06:48
 ашықВ Атырау +24
$ 519.55
€ 596.03
₽ 6.63

«Әмбебап үкімет». «Ресейде отаншылдықты орысшылдықпен шатастыруда». «Қырым қайтадан «жұмаққа» айнала ма?».«Тыйым салынса да билет сатылатыны қалай?».«Бүгінгі Ресей - бүлінген Ресей».«Еуразиялық одақта Назарбаевтың көксегені не?».

2 010 рет қаралды

TURKYSTAN.KZ.    «Әмбебап үкімет» - Кәрім Мәсімовтің Үкімет басына екінші рет келуінің себебі неде?

«Арзан күлкі, қымбат билет әзіл-оспақ театрларының «бренді» болып тұр» - Саны көп, сапасы жоқ театрлар көбейді.

«Ресейде отаншылдықты орысшылдықпен шатастыруда» - Әуелі сәл шегініс: Бүгінгі адамзатқа белгілі тарихта 1500-ге жуық ірі-ірі соғыс болыпты.

AZATTYQ.ORG.    «Қырым қайтадан «жұмаққа» айнала ма?» - Қырым түбегін өзіне қосып алу арқылы Ресей ондағы әдемі жағажайлар мен қонақүйлердің, санаторийлердің қожайыны болып шыға келді. Мәскеу енді Қырымды туристпен толтырмаққа жанталасып жатыр.

«Халықтық медицина түріне ықылас артты» - Қазақстанда дәстүрлі емес медицина түрі - хиджама әдісімен емделетін адамдар көбейді. Бірақ кейбір дәрігерлер ондай емдеуге қарсы.

ALASHAINASY.KZ.   «Бөксем бөлке нан тауып беріп жүр...» - Батыста таңсықтығы таусылған, бізде әлі ынтықтығы өрлеу үстінде стриптиз шоулар бүгінде тән тояттандырудың неше атасын қалайтындар үшін таптырмас орын болып тұр.

«Тыйым салынса да билет сатылатыны қалай?» -  Шектеудің барына қарамастан біздегі кейбір туристік фирмалар шетелдік чартерлермен әріптестікте жұмыс істеуін доғарар емес...

ABAI.KZ.   «Сочи және Қырым: дүбірлі оқиғалардан кейінгі ой» - Соңғы екі айда интернет айдынында көп терілген сөз «Қырым» мен «Сочи» болды.

«Бүгінгі Ресей - бүлінген Ресей» - Соңғы уақыттарда Украина, Армения, Грузияда орын алған жәйттар Ресей мен ТМД елдері арасындағы қатынастарда жаңа кезеңнің басталғанын көрсетті.

«Түркия сайлауы және Қырым: түркілер үшін тағы бір сынақ» - Қырым мәселесіне байланысты деуге болмас, жалпы біздің саяси ақпарат өндіру қабілетіміз ресейлік аямен шекетелетіндіктен түбіміз бір Түркияда болған жуырдағы сайлаудың маңызы көзден таса өтті.

«"Жаңаөзен": кебенек киген келеді» - Арада 70 жыл өткенде осы жоқтау Маңғыстауда тағы да қайталанды.   Бұл 2011 жылдың 16, 17 желтоқсаны еді.

MAIDAN.KZ    «Еуразиялық одақта Назарбаевтың көксегені не?» - Бүгінде Қазақстанның тәуелсіздігіне қатер төндірген Еуразиялық экономикалық одақ қайдан шықты?

«“Мәңгілік” Мәсімов. Жұрт не дейді?» - Айдың-күннің аманында бұрынғы  үкімет басшысы  Серік Ахметов отставкаға кетті.

JASQAZAQ.KZ.    «Ресей неге жалғыз қалды?» - Қырым түбегін қол астына қаратқан Мәскеудің әрекетіне наразылық танытқан «Үлкен сегіздік» елдері енді «жетілікке» айналып, Ресейді ресми түрде әлемдік көшбасшы мемлекеттер ұйымынан аластатты.

«Қыздың ары…» - Қалыңдықтың қыз күйінде, таза, абыройлы келуіне үлкен мән берген қазекемнің пәктікке деген іңкәрлігі бүгінгі қойыртпақ қоғамның өңешіне жұтылып барады.

7 сәуір 2014, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.