Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Қырым татарлары өзін өзі басқарғысы келеді».«Жаңа ережені “БАҚ еркіндігін шектеудің сылтауы” деп атады».«Рубльмен есеп-айырысу Қазақстанға қалай әсер етеді?». «Ерлан Қарин: Мәсімов тәжірибесі Қазақстанға пайдасын әкелуі тиіс».

2 257 рет қаралды

AZATTYQ.ORG.    «Қырым татарлары өзін өзі басқарғысы келеді» - Автономия құруды ұйғарған меджлис Қырым татарларының ұлттық мәртебесін анықтайтын референдум өткізбек.

«Қазақстан премьерлері» - Қазақстанда 2 сәуірде үкімет ауысты. Азаттық осыған орай ел премьер-министрі қызметін атқарған адамдарды шолып шықты.

«Жаңа ережені “БАҚ еркіндігін шектеудің сылтауы” деп атады» - Қазақстанда төтенше жағдай кезінде БАҚ-тың жұмыс істеу ережелері күшейтілді.

ALASHAINASY.KZ.   «Рубльмен есеп-айырысу Қазақстанға қалай әсер етеді?» - Кеше АҚШ санкциясына бой ұрған «Ресей» банкі тек рубль операциясымен ғана жұмыс істейтінін мәлімдеді.

NAMYS.KZ    «Көйлек деген әйелдің сәні еді ғой…» - Мүмкін менің шолақ ақылым жетпейтін болар, бірақ сол уақытта ұлттық рухани құндылықтарды кейін ысырып тастамағанда жастар санасы Батыстың күл-қоқысымен соншалық ластанбас еді, ұлттық салт-сана, дүниетанымның бой-бойы қарқырамас еді.

AIKYN.KZ    «Жұмбақ жандар» - Тарихтың талай сыры бар. Сол тарихты жасайтын, өзгертетін тұлғалардың да құпиясы жетерлік. Кейде халық алдында жүрген атақты адамдардың да жасыратын жұмбағы болады. Бұл жұмбақтың кілті тіпті өмірден өткен соң да табылмауы мүмкін.

«Жоқшылық көрген миллионерлер» - Қазіргі кезде кедейлік пен байлық туралы, байлыққа қалай қол жеткізуге болатыны, кедей мен байдың ойлау деңгейінің сан алуандығы жайлы жазылған кітаптар да, ақыл-кеңес беруші адамдар да көп.

«Тағдыр тәлкегіне ұшыраған тұлғалар» - Спортшылардың арасында да тағдыр тауқыметін молынан тартқан тұлғалар аз емес. Бұған дейін біз адам қолынан қаза тапқандар мен сүйікті кәсібінен қол үзгеннен кейін басқа мамандықты игерген азаматтар жайында көлемді мақала жарияладық.

«Кең-байтақ жерге ие болатын ұрпақ керек» - Қалай дегенде де қазір халқымыздың саны қауырт өсу үстінде. Еліміздегі демографиялық дүмпу 2016 жылға дейін жалғасады деген болжам бар.

«Сарапшылардың пікіріне мән беру керек пе?» - Кезінде тәбетін тыя алмаған банктер бүгінде проблемалық портфельдердің жорықсыз «семіздігінен» зардап шегуде.

ABAI.KZ.   «Орындаушылардың ауысуы қоғамға жаңалық әкелмейді» - Екіншіден, Ахметов Мәсімовтен қалған істі жалғастырды. Мәсімовті «өзің бастаған істі өзің аяқта» деп әкеліп қойған сияқты. Бізде әрбір министр жаңа реформа бастап, аяқсыз қалдырып кете береді ғой. Мәсімов те аяқтамаған ісін бітіруі тиіс.

QAZAQUNI.KZ   «Тәуелсіздікті саудалауға жол бермеу қажет…» - Ресейдің біздің елімізде бірнеше полигоны бар. Елімізде Ресей банктері күшейіп жатыр.

SKIFNEWS.KZ    «Меркельдің сыйлығы һәм Си Цзиньпиннің ашуы» - Меркельдің тарту еткен сыйлығына қытай саясаткерлері бұл сыйлықта жасырын пиғыл бар деп есептеп отыр.

QAMSHY.KZ    «Ерлан Қарин: Мәсімов тәжірибесі Қазақстанға пайдасын әкелуі тиіс» - Қазақстандық танымал саясаткер Ерлан Қарин ел үкіметінің отставкаға кетуінің себептерін өзінше сараптап отыр.

4 сәуір 2014, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.