AZATTYQ.ORG. «Сәтпаев: “Бұл – кадрлық дағдарыстың белгісі”» - Қазақстан премьері қызметіне президент әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов екінші рет тағайындалды. Азаттық саясаттанушы Досым Сәтпаевтан бұл өзгерістің астары туралы сұхбат алды.
«Оралман қабылдай алатын 7 облыс белгілі болды» - Қазақстан үкіметі оралмандарды қоныстандыратын облыстар туралы қаулы қабылдады. Министрлік өкілі бұл аймақтарды таңдаудың бірнеше себебі барын айтады.
«”Ресейге қарсы” 20 БАҚ-тың тізімі жарияланды» - Кремльге қарасты сайт «Ресейге қарсы» БАҚ-ты анықтайтын компьютерлік бағдарлама жасап шығарды. Қазір 20 шақты ақпарат құралы «қара тізімге» кірді.
«Майдан қырғынын Янукович жасақтары жасаған ба?» - Ақпанның 20-сы күні Киевте 53 адамды кім атып тастады? Журналистік зерттеуін жариялаған америкалық тілші «қылмыстың артында Янукович жасақтары тұрғанына айғақ көп» дейді.
«Богомолец: “Украинаны емдеу керек”» - «Еуромайдан» дәрігері Ольга Богомолец Киевтегі үкіметке қарсы шеру кезінде жаралыларды емдеп, Украина қаһарманына айналды. Енді ол президент сайлауына түспек.
ALASHAINASY.KZ. «АҚШ санкциясы көбейіп барады» - АҚШ конгресі Украина мәселесін реттеуге тиіс арнайы заң қабылдады.
«За бабу не базарим» - 1941 жылы Менгеле Иозеф деген дәрігер Гитлерге не деп хат жазды? Әйелдің үш ұяты қандай?
«Құлбазардағы ердің құны – 2-3 мың теңге» - Әз-Тәуке «Жеті жарғысында» құнын -1000 қойға бағалаған ердің бүгінгі нарықтық құны – 2 мың теңге боп тұр.
«Қазақы төбет қайдасың?» - Бүгінде қара базарда қазақы төбеттің құны 40-45 мың теңгеден түспей тұр. Таза қанды қазақы төбетке сұраныс та көп.
ABAI.KZ. «1937 жылға қайта оралуымыз мүмкін» - Мәжілісте қылмыстық кодекстің жаңа жобасы талқыланды. Заң жобасы бойынша, қауесет (жаңсақ ақпарат, өсек) тарату ауыр қылмыс есептеліп, кінәлі деп табылған адам 12 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы талқылаудан шыққан соң, бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель айтты.
SERKE.ORG. «Оралмандарды сергелдеңге салып қойған кім?» - Соңғы кезде «Қазақ көші тоқтады» деген мәселе биік мінберлерден емес, оралмандар арасында жиі талқыға салынатын болды.
QAMSHY.KZ «Кәрім Мәсімов – Үкімет басы. Қашанға дейін?» - Елбасы Н. Назарбаев Премьер-Министр лауазымына Кәрім Мәсімовті ұсынды. Яғни қалыптасқан “тәртіп” бойынша енді Үкімет басы Кәрім Қажымұқанұлы болады деген сөз.
ZHEBE.COM «Ресей Украина шекарасына тағы да әскер топтай бастады» - Ресей Украинамен шекаралас өңірлерге әскер топтай бастаған. Бұл туралы euronews хабарлады. Ал, НАТО-ның Бас хатшысы Андерс фон Расмуссен шекарадағы әскердің Украинаға басып кіруге толық мүмкіндігі бар екендігін мәлімдеді.
В Атырау +4