AZATTYQ.ORG. «Ауған президентін өзге ел азаматы да сайлай алады» - Австралия азаматы Ауғанстанда дауыс беру картасын оп-оңай алған. Бұл картамен ол енді жақында өтетін президент сайлауында дауыс бере алады.
«Адам өлімінен соң су қоймасы қауіпсіздігі сөз болды» - Министр су қоймаларын мемлекет қарауына алу туралы айтты. Ал Азаттыққа сұхбат берген маманның сөзінше, жергілікті су қоймаларының көбінің тозығы жеткен.
«Президенттіктен үміткер Порошенко – жұмбақ саясаткер» - Бұрынғы сыртқы істер министрі әрі миллиардер Петр Порошенко Украинада мамырдың 25-іне белгіленген мерзімінен бұрын өткізілетін президенттік сайлаудың басты үміткері болып отыр.
«ҰҚКҰ: “Қазақстанға зымыран базасын қоймаймыз”» - Ресейлік БАҚ-та тараған «Мәскеудің Астрахань облысына және «қажет болған жағдайда» Қазақстан аумағына «Искандер-М» ракета комплекстерін қою туралы жоспарын» ҰҚҰК жоққа шығарады.
ALASHAINASY.KZ. «Еркектің диванмен дос болғанына әйел кінәлі ме?» - Арасынан батыр да, ақын да шыққан қазақ әйелінің бүгінгі бет-бейнесі, тыныс-тіршілігі қандай?
«Қайыршылардың «крышасы» кім?» - Бүгінде күнкөрістің қиындығын, қымбатшылықты алға тартып алақан жаюшылардың қарасы қалыңдап барады.
«Түбі бір түркіні түгел таныдық па?» - Тіл ұшына орала кететін «Түбі бір – түркілер» деген тіркесті қазір жиі-жиі тілге тиек ететін болдық.
ULT.KZ «Интеграцияның қозғаушысы» - ЕурАзЭҚ арқылы 2010 жылы еуразиялық интеграцияның жаңа тарихының парақтары ашылды.
ABAI.KZ. «Елбасымыздың елге деген ықласының ерекше екендігін аңғардым» - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Дулат Исабеков кеше Елбасымен жүздесіп, Ақордада болып қайтты. Қаламгер мен Президент арасында қандай әңгіме болды? Аузы уәлі ағамыз мемлекет басшысымен не жайында сөйлесті?
SERKE.ORG. «Рахат Әлиевтің қылмысын әшкерелеген кім?» - Австрияда Рахат Әлиевке қатысты жаңа дау басталды.
TURKYSTAN.KZ. «Қырым татарлары автономия ала ма?» - 29 наурыз күні Бақшасарайда өткен қырым татарларының кезектен тыс құрылтайында Қырым татарлары халқының ұлттық-территориялық автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.
«Ретке келмеген “мектеп реформасы” білім жүйесін күйретіп тынған сияқты» - Бүгінгі мұғалімдер беделді ме?
«Ресей экономикасы ауыр зардап шегуде» - Бұның Қазақстанға әсері қанша?
В Атырау +4