Атырау, 27 қараша 00:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Үлкен Бекіре күні-2

2 812 просмотра

«Амангелді» өндірістік кооперативінің звено жетекшісі Өмірзақ ӘЗБЕРГЕНОВТЫҢ тағы да жолы болды. Ол осымен екінші жыл қатарынан өз балықшыларымен бірге ірі бекіре ұстады – бұл жолы салмағы 150 келі. «Оған тағы сыйақы беріп, Түркияға демалысқа жіберуге тура келеді», - деп әзілдеді «Амангелді» ӨК құрылтайшысы Мұрат ӘМІРҒАЛИЕВ.

Өмірзақ – біздің өткен жылғы репортажымыздың кейіпкері Үлкен Бекіре күні»): сол кезде өндірістік кооператив балықшылары 276 келі үлкен балық ұстаған еді. Үшметрлік бекіре ауды жарып, еркіндікке ұмтылған, алайда тапқыр балықшы оны аумен орап, ұстап қалды. Өз олжаларын балықшылар Көкарна бекіре өсіру зауытына тапсырды, ол жерде одан 41 келі уылдырық алды! Бұдан 460 мың шабақ пайда болды.

- Бекіре кәрі болатын, бұл жағдайда көптеген қалдықтар шығады, уылдырықтың кейбір бөлігі пісіп кеткен, - дейді бекіре зауытының директоры Ғилыман СӘРСЕМАЛИЕВ.

Өткен маусымда бұдан басқа уылдырығы бар балық түскен жоқ.

Шабақ өсіру үшін бекіре тұқымдас балықтарды аулауды «Амангелді» ӨК 18 наурызда бастады, ал бекіре ауларына 31 наурызда «Золотенок» тартымында соқты. Зауытта балықты өлшеді – салмағы бір жарым центнер екен.

- Бұл бекіре өткен жылғыға қарағанда шағындау, алайда жас, бұл ұрықтандыру үшін жақсы, - дейді бекіре зауытының бас балық маманы Майра ЗҰЛҚАШЕВА.Сонымен қатар, осы салмақта жыныстық өнімді тірілей алуға мүмкіндік көп. Егер жарақаты болмаса, оны ұйықтатып, тірілей сауып алуға тырысамыз.

Бәрі ойдағыдай өтсе, бекіренің өмірін сақтап, теңізге кері жібереді. Өкінішке орай, зауыт жабдықтары ескірген, тұйық сумен қамту арнайы қондырғылары жоқ. Сондықтан да, Ғ. Сәрсемалиевтың айтуынша, бекіре бірнеше апта зауыт бассейнінде болады – су уылдырық шашу температурасына дейін көтерілгенше күту керек. Содан кейін ғана мамандар уылдырықты шығаруға кіріседі.

Зүльфия ИСКАЛИЕВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

1 сәуір 2014, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.