AZATTYQ.ORG. «Ник Кочан: “Қазақстанда коррупция шектен шыққан”» - Коррупция проблемасын зерттейтін лондондық журналист Ник Кочан Азаттыққа берген сұхбатында «саясат пен бизнес араласып кеткен Қазақстанды жемқорлық жайлаған» дейді.
«Ресей армиясы Украина қаруына тәуелді» - Қырымдағы ресейлік жауынгерлердің негізгі қару-жабдығы Украинаның әскери өнеркәсібінде өндірілген.
ALASHAINASY.KZ. «Қырым татарлары автономиясы мойындала ма?» - Ресей Украинадағы жағдай сан түрге құбылса да Қырым татарларының құқығы толықтай қорғалатындығына кепілдік беріп отыр.
«Қандастарды шақырудың жалғыз жолы – жерді жалға беру ме?» - «Солтүстіктегі облыстардың біраз жері Қытайға жалға беріледі екен» деген бейресми ақпарат тарағалы бері қоғамда түрлі пікірлер бой көтеруде. Бірқатар сарапшылар «бұл қадам солтүстіктегі қазақ ұлтының санын артырудың бірден-бір жолы» деп бағаласа, енді біреулері аталмыш мәселеге күдікпен қарайды.
«Орган сатамын, орган!» - «Сәлеметсіздер ме мен еріксіз өз бүйрегімді сатуға мәжбүрмін. Тез арада ақша керек. Жасым 21-де, денім сау, темекі тартпаймын».
«Қоғамдық телеарна ашатын уақыт жетті ме?» - Өркениетті елдердің көпшілігінде қоғамдық телеарналар мен радиолар бар. Айталық Францияда үш бірдей қоғамдық телеарна, радио бар екен.
TURKYSTAN.KZ. «Отандық нарықтың мүддесі ойландырады» - Бәсекелестік заңын бұлжытпай орындағанда ғана ілгерілеу болмақ.
HALYKSOZI.KZ. «Әкімнен әкім озар жарысқанда» - Еліміз егемендігін алғалы бері біздегі саясат сахнасында РЕЙТИНГ деген бірдеңе пайда болған.
AIKYN.KZ «Мұнай саясат құралына айнала ма?» - Батыс пен Ресей арасындағы Украинаға байланысты текетірес уақыт өткен сайын қарқын алып бар жатқандай. АҚШ бастаған кәрі құрлықта жатқан мемлекеттер Ресеймен ат құйрығын шорт кесіспесе де түрлі санкция қабылдай бастады.
NAMYS.KZ «Мағжанның жұмбақ өлімі» - Маржан жырдың иесі Мағжан туралы һәм оның жұмбақ өлімі жайлы оқыған, естігендерімді ортаға салмақпын.
QAZAQUNI.KZ «Спорт пен саясаттың арасы неше елі?» - Қазақ халқының да ұлттық спорты болғаны: қазақша күрес, көкпар тарту, теңге алу, дойбы, тоғызқұмалақ тағы басқа ойындары соның айқын жарқын көрінісі.
«Қазақстанда адамды құлдыққа сату бизнесі өршіп тұр» - Құлдыққа түсуге көбіне әлеуметтік жағдайы нашарлар, жұмыссыздар, баспанасыздар, құжаты жоқ адамдар бейім болады.